ҚазҰМУ студенттері «Менің Отанымның мемлекеттік тілі» атты «Қазақ тілінен» қалалық пәндік олимпиадасына қатысты
2018 жылдың 18 сәуірінде ҚазМҚПУ-дың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамыту мақсатында Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өзгетілді студенттері арасында «Менің Отанымның мемлекеттік тілі» атты пәндік олимпиада өтті.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен өзге ұлт өкілдері арасында тілдің мәртебесін арттырып, қолданыс аясында кеңейтуге бағытталған іс-шара университетіміздің фармация технология өндірісі факультетінің 1курс студенттері белсене қатысты: Самахунова Малика, Чистякова Дайана, Ярмагаметова Анеля
«Абзал жандар» тобына біріктірілген білім алушылар төрт тур бойынша сайысқа түсіп, көпті оза жарып, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Топ жетекшісі қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Рахымбаева алғыс хатпен, студенттер бағалы сыйлықтармен және атаулы дипломдармен марапатталды.