ҚазҰМУ студенттері үшін ең маңызды шаралардың бірі — бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты қабылдау рәсім өтті!
Биылғы жылы біздің үлкен университеттік отбасымыз 2286 жаңа адамдармен толықты. Олардың ішінде 1 953 бірінші курс студенті, 54 магистрант, 33 докторант және 786 резидент бар. Айта кетерлік жайт — грантқа республикалық бюджеттен және жергілікті атқарушы органдардан 801 студент түскен.
Құрметті, бірінші курс студенттері! Сіздердің әрқайсыларыңызды аталған жетістіктеріңізбен құттықтаймыз! Сіздер маңызды қадам жасадыңыздар, алдағы уақытта өсу мен дамудың мүмкіндіктері ашылады.
”Бүгін сіздер медицина, ғылым және адамдарға қызмет етудің таңғажайып әлеміне аштыңыздар. Дәл осы университет қабырғасында білім мен дағдыларды ғана емес, ең бастысы — науқастардың өміріне жауапты болуды үйренесіздер. Бұл – үлкен құрмет, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Медицина – бұл күн сайын түрлі қиындықтар кездесетін сала. Сондықтан, табысты болу үшін үнемі кемелдікке, білім мен тың дағдыларды қалыптастыруға ұмтылуыңыз керек.
Дәрігерлер – бұл өмірді сақтайтын, үміт беретін және денсаулықты қалпына келтіретін мамандар. Бұл мамандық өз ісіңізге толық берілуді және адалдықты талап етеді”, – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры Марат Едігеұлы Шоранов.