ҚазҰМУ студенттері үшін жаңа жатақхана салынуда
Алматыда Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 450 студентке арналған жаңа жатақхананың құрылысы жүргізілуде.
Алты қабатты ғимарат Радостовец көшесі 74 үй мекен-жайында салынуда. Бүгін ҚазҰМУ басшылығы үшін инвестор өкілдері шоурумның тұсаукесерін өткізді, онда студенттердің қандай жағдайда тұратынын көрсетті.
Университет әзірлеген тұжырымдамаға сәйкес өмір сүру шарттары барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді:
жуыну орны мен душы бар жайлы бөлмелер, әр студентке оқуға үстелі және жатын орны, жұмыс үстелі мен шкафтар бар. Барлық қажетті құрылғылармен әр қабатта ортақ асханалар мен оқу сыныптары жасалған.
Жатақханада кір жуатын орын, кітапхана, сақтау бөлмесі, ойын-сауық және спорт бөлмелері болады. Алдағы уақытта құрылыс барысы мен жаңа жатақханаға қашан орналасатыны туралы хабардар етіп отырамыз.
Айта кету керек, ҚазҰМУ басшылығы жатақханада тұратын студенттердің университетке және ЖОО-ның клиникалық базаларына жақындығына ерекше назар аударады. Сондай-ақ, жатақханаларға саябақтар, гүлзарлар, әлеуметтік нысандар, супермаркеттер, дүкендер, метро станциясы, бір сөзбен айтқанда, үлкен қаланың комфортты жайлы өмір сүру үшін қажет нәрсенің бәріне жақын болуы маңызды.
Қазіргі таңда ҚазҰМУ қарамағында 3168 төсек-орынға арналған 8 жатақхана бар. Оқу жылы басталар алдында жеке жатақханалармен меморандумдар жасалады. Биыл жатақханаларға 2 950 адам қоныстанды. Олар: бірінші курс студенттері, әлеуметтік осал топтардың өкілдері және шетелдік студенттер.