ҚазҰМУ студенттері «MEN JASTARGA SENEMIN» атты республикалық жастар форумына қатысты
Қараша айының 14-15 жұлдызы күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «MEN JASTARGA SENEMIN» атты Республикалық жастар форумы болып өтті. Аталмыш форумға С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті де белседі түрде қатысты.
Атап айтсақ Университетіміздің Студенттік Үкіметі Академиялық жұмыстар комитетінің жетекшісі Дауренов Ұлықбек «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы парасаттылықты дамыту» бойынша студенттік жоба байқауына «Parasat» жемқорлыққа қарсы адалдық мектебін ұсынып, аталмыш жобаны арнайы құрылған комиссия алдында қорғап қайтты.Жоба туралы Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы және басқа да комиссия мүшелері оң пікір білдіре отырып,осындай жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар үшін ҚазҰМУ әкімшілігіне алғысын әрі ризашылығын білдірді.Форум соңында университетіміздің ұсынған жобасы үлкен мақтауға ие болып, қатысушы студентіміз арнайы мадақтамамен марапатталды.