ҚазҰМУ студентінің ғылыми жобасы Германияда өткен халықаралық студенттер конгресінде үздік деп танылды
31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Германияда Гамбург қаласында нейрохирургия бойынша үшінші Халықаралық студенттік конгресс өтті, оған Халықаралық медицина факультетінің студенттері Қуанышбаева Ардақ, Әуесханова Дария, Секенова Карина қатысты. Бұл оқиға олардың білім беру сапарындағы маңызды кезең ғана емес, сонымен қатар 27 түрлі елдің жас ғалымдарымен білім мен тәжірибе алмасудың тамаша мүмкіндігі болды.
Біздің студенттер өздерінің ғылыми жұмыстарын конгрессте қорғады және әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші нейрохирургтармен тікелей талқылауға мүмкіншілік болды. Комиссияның қорытындысы бойынша Секенова Каринаның ғылыми жұмысы «Спиналды нейрохирургия бойынша үздік абстракт» ретінде таңдалды. Оның жетістігі біздің студенттердің білімі мен дайындығының керемет деңгейін көрсетеді.
Конгресс аясында сонымен қатар студенттер осы саладағы мамандардың жетекшілігімен нейрохирургиялық дағдыларды тереңдететін мастер-класстар өтті. Бұл студенттерге болашақ кәсіби қызметте қолдана алатын құнды тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, студенттер мәдени алмасу туралы ұмытқан жоқ. Олар әртүрлі мәдениеттердің өкілдерімен танысып, жаңа әсерлермен және әлемнің түкпір-түкпіріндегі әріптестерімен достаса алды. Бұл оқиға ұмытылмас естеліктер қалдырды және студенттерімізді нейрохирургия әлеміндегі одан әрі жетістіктерге шабыттандырды.