ҚазҰМУ студенті Дәулет Қыжыров Ресейде өткен Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты
1-7 наурыз аралығында Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтті. ТМД елдерінің 32 000 студенттің арасынан іріктеуден өткен Жалпы медицина мектебінің 5 курс студенті Қыжыров Дәулет Жанбайұлы Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты.
«Қазан айынан бастап Ресейде 190 елдің қатысуымен ауқымды фестиваль өтетінін естідім. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы әртүрлі саладағы жастар қатыса алады. Құжаттамадан, елшіліктің рұқсатынан және портфолио мен өзің туралы баяндайтын видеодан басталған ұзақ мерзімді әрі күрделі іріктеу болды.
Ұзақ 5 айлық мерзімнен кейін маған көптен күткен іріктеуде жеңіске жетуімен құттықтау және Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысуға жеке шақыру хат келді», – деді Дәулет Қыжыров. ҚазҰМУ студентінің айтуынша, мұндай ауқымды шараға қатысу оның өміріндегі маңызды оқиға болды, ал 200-ге жуық елден келген жас буынымен қарым-қатынас жасау ой-өрісін кеңейте түсті.
«Фестивальда мен адамның жеке тұлғасы мен білімінің көптеген салаларында ұмытылмас тәжірибе жинадым. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қоғамның үлкен ортасында Қазақстанның және Қазақ ұлттық университетінің өкілі болу маған үлкен мәртебе болды. Саясат, білім, мәдениет пен дәстүр, әрине, медицина туралы айтар болсам, осы салалардағы білімімді шыңдай түстім. Шетелдік делегациялармен алғашқы кездесуде танысу ерекше болды, өйткені әр ұлттың өз салт-дәстүрі бар және олардың әрқайсысы бір-біріне солар туралы айтуға тырысты», – деп атап өтті студент.
Дәулет Кыжыров Сербия, Португалия, Аргентини, Германия, Бразилия, Франция, Италия, Мексика, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Австралия, Иран, Египет, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Руандв, Эфиопия және Африканың басқа елдерінен келген студенттермен тіл табысып, достық қарым-қатынас орната алды.
Демалыс күні бір дастархан басына жиналып, шамамен 10-12 тілде тілдескен кешкі асты мәңгі есімде сақтаймын. Бұл өте керемет. Сондай-ақ көптеген елдердің Қазақстанды білетіні қуантты, олар менің медицина университетінің студенті және болашақ хирург екенімді білгенде үлкен құрмет көрсетті. Қатысушылармен қарым-қатынастан басқа осы елдердің барлығының ядролық энергетикасынан бастап Ресей Федерациясының ғарыштық бағдарламасына дейінгі түрлі салалардағы жетістіктерін, «Буран» шаттлының үлкен макетімен таныстым. Мен Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысып, Қазақстан Республикасын және біздің ҚазҰМУ бүкіл әлемге мақтанышпен таныстыра алғаныма өте қуаныштымын», – деп атап өтті Бүкіләлемдік жастар фестивалінің қатысушысы.
Қазір Дәулет Жанбайұлы Ресей астанасында Санкт-Петербург қаласына трансфер күтуде. Ол Ресей Федерациясының аймақтық бағдарламасы бойынша Санкт-Петербургке жіберілген делегация құрамындағы Қазақстан Республикасының жалғыз өкілі.