ҚазҰМУ. С. Асфендиярова Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс-шара өткізілді
2022 жылдың 6 желтоқсанында Жалпы медицина -1 мектебі мен Биохимия кафедрасы бірлесе отыра 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс-шара өткізілді. Кешімізге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы – Токушев Қайыржан Ахметбекұлы өз баяндамасымен шықты. Сонымен қатар, жалпы медицина-1 мектебінің 1 курс студенттері тарапынан презентациялық баяндамалары ұсына отырып, әр азаматтың борышы болып саналатын адалдықтың бейнесін көрініспен көрсетіп жеткізді