ҚазҰМУ тарихы мұражайында Есенғали Қасаболатовтың 135 жылдығына арналған көрме өтті
Бүгін Алаш қайраткері, университетімізде 1931-1933 жылдары ректор қызметін атқарған Есенғали Қасаболатовтың туғанына 135 жыл толуына орай Тәрбие жұмысы бөлімі мен ҚазҰМУ мұражайының ұйымдастыруымен «Есенғали Қасаболатов – көрнекті қайраткер» атты іс-шара өтті.
Университетіміздің студенттері Алаш қайраткерінің өмір жолымен танысып, Санжар Сейітжафарұлы Асфендияровтың тікелей нұсқауымен 1931-1933 жылдары университетімізде еткен еңбегімен танысты. Қазақ медицинасының қара шаңырағының қалыптасу кезеңінде оқу корпустары, жатақхана, студенттердің білімі мен тамақтануына дейін ұйымдастыру ісімен айналысқан Есенғали Қасаболатов бүгінгі ҚазҰМУ-дың қалыптасуына зор еңбек сіңірген.
Қазіргі анатомия кафедрасы корпусының салынуына, алғаш рет университетте ғылыми кеңесті құруға жол ашқан да – Е.Қасаболатов болатын. Студенттер көрнекті қайраткердің мұраларымен танысып, жүз жылға жуық уақыт бұрын түсірілген университет студенттері мен қайраткердің фотосуреттерін тамашалады.
ҚазҰМУ тарихы мұражайының директоры Бақанай Амантайұлы білім алушыларға тарихи танымдық дәрісін оқыды.