ҚазҰМУ түлектеріне мемлекеттік гранттарды өңдеу мәселелері түсіндірілді
«Қаржы орталығы» АҚ өкілімен 2024 жылғы бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура мамандықтары бойынша бітірушілер арасында «Міндетті грант өтемі» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес міндетті грант өтемін өтеу, босатылу, Жас мамандарды жұмыс орындарына дербес бөлу комиссиясының жұмысы жайлы толық түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарында оқитын 2024 жылғы бітіруші түлектерге 1414 «Электрондық үкімет» порталының бірыңғай байланыс орталығынан дербес деректерді (жұмыс берушінің БСН, жұмысқа орналасу мерзімі) алу туралы сұрау салу SMS хабарламасы, бітірушілердің Егов порталында тіркелген жеке кабинеттеріне мемлекеттік білім грантының өтелуі туралы өзекті ақпарат жіберілетіні айтылды.