ҚазҰМУ Түлектері күні
Қымбатты түлектер – біздің мақтанышымыз!
Сіздерді 2025 жылғы 7 маусымда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтетін Түлектер күніне зор құрметпен шақырамыз!
Сіздер – университетіміздің тарихына ерекше із қалдырған асыл түлектерсіздер. ҚазҰМУ сіздермен әрдайым мақтанады, сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз – кейінгі буынға айқын үлгі. Бұл күн – alma mater-ге деген сағынышты басып, ұстаздар мен достармен қайта қауышатын, жүрекке қуаныш, жанға шабыт сыйлайтын тамаша мүмкіндік.
ҚазҰМУ-да – бір мақсатқа тоғысқан жандармен қайта жүздескенше!