ҚазҰМУ түлектері 50 жылдан кейін университетте кездесті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 1973 жылғы емдеу факультеті түлектерінің кездесуі өтті. Оқуды тәмамдай салысымен еліміздің түкпір-түкпіріне жұмысқа кеткен университет түлектері жарты ғасырдан кейін кездесіп, студенттік жылдар туралы естеліктермен бөлісіп, сүйікті курстастарымен жүздесіп, қаншама уақыттан кейін университеттің қалай өзгергеніне куә болды. 1973 жылы жап-жас жігіттер мен қыздар болашақ өмірге, қызмет жолына жоспар құрып, білімдерін сіңіріп, жоғары медициналық білімды толық меңгерді. Бүгінде олар табысты дәрігерлер, емхана мен аурухана жетекшілері, ғалымдар мен оқытушылар. 1973 жылы бітірген түлектердің көпшілігі қазірдің өзінде зейнеткерлік демалыста. Кездесуді ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай кездесу бір жағы қуанышты және мұңды болатындай жөні бар.