ҚазҰМУ Университет күндері құрметіне «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің алаңында қазанның 13-15 аралығында «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығымен, психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және ҚазҰМУ түлектерінің қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастыралды.
Конференцияның мақсаты COVID-19 пандемиясы кезеңінде психикалық денсаулықты қорғау мәселелерін насихаттау, ақпарат, тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, осы және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтін мамандарды психикалық денсаулық саласындағы жетістіктермен таныстыру болып табылады.
Конференция аясында суицидология, психикалық бұзылулардың коморбидтілігі, тәуелділік аурулары, COVID – 19 шеңберінде психиатриядағы дербестендірілген медицина тақырыптары, сондай-ақ фармацияны дамытудың заманауи аспектілері мен басым бағыттары қарастырылады.
Конференция 2021 жылдың 13 қазанында Бөгенбай батыр көшесі, 151 мекен-жайы бойынша Concordia театрында басталады. Коференцияда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚазҰМУ ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлының және психология саласындағы қазақстандық мамандардың сөз сөйлеуі жоспарланған. Ресей Федерациясы тарапынан профессорлар: м.ғ.д., профессор, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры, Ресей психиатрлар қоғамының президенті Незнанов Николай Григорьевич, м.ғ.д., профессор, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» психиатрия және шекаралық бұзылуларды емдеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Розанов Всеволод Анатольевич және фарм.ғ.д, профессор,Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетінің ректоры Наркевич Игорь Анатольевич, – м.ғ.д., профессор, Дүниежүзілік психиатриялық Қауымдастығының Бас хатшысы Морозов Петр Викторович баяндама жасайды.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва елдерінің мамандары қатысады деп жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Ментальді денсаулық және COVID-19» конференциясы аясында ментальді денсаулық саласындағы жас ғалымдар мектебі, фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы жас ғалымдар мектебі (ғылыми- тәжірибелік конференция), «Стоматологияны дамытудың тиімді стратегиялары, COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі сын-қатерлер мен шешімдер» конгресі, «Симуляциялық орталық: даму перспективалары» конференциясы, «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Life Sciences саласындағы ғылыми зерттеулер» «Анатомияны оқыту визуализациялау, ҚазҰМУ тәжірбиесі» тақырыптарына мастер-класстар өткізіледі.