ҚазҰМУ Фармация мектебінде ұйымдастыру апталығы басталды
2 қыркүйекте еліміздің жоғары оқу орындарында кезекті оқу жылы басталды. Сабаққа кіріскен бірінші курс студенттері үшін ерекше назар мен қолдау қажет. Оларға деканат, университеттің басқа бөлімшелері тарапынан көмек пен қолдау қажет.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінде қыркүйек айының басында бірінші курс оқушыларына көптеген ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетуге арналған «ұйымдастыру аптасы» қарастырылған: жатақханаға орналастыру, ID карточкасын рәсімдеу, әрбір студенттің жеке бетіне логин, пароль рәсімдеу, кітапханаға жазылу және т.б.
Белгілеу (ұйымдастыру) апталығы бірінші курс студенттеріне жоғарыда аталған барлық мәселелерді тез шешуге және толыққанды студенттік өмірге тез бейімделуге көмектеседі.
Белгілеу аптасы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Фармация мектебінің бірінші курс студенттеріне арналған.
Биыл «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» КБ 223 адам түсті, оның ішінде 180-і грант бойынша, 43-і шарт бойынша оқитын болады. «Фармация» КБ 70 адам келіп түсті, оның ішінде 18-і грант бойынша, 52-сі шарт бойынша. Оқу мерзімі «ТФП» БП бойынша – 4 жыл, «Фармация» БП бойынша – 5 жыл. «Фармация» КБ 104 адамды оқытуға кіріседі.
Фармация мектебінің деканы, профессор З.Б. Сәкіпованың бастамасымен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де ақылы негізде оқыту мерзімі қысқартылған В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасы белсенді түрде енгізілуде. Аталған бағдарлама колледжде фармацевтикалық білімі немесе басқа да жоғары білімі бар кандидаттарға ұсынылады. Оқу мерзімі алдыңғы білім деңгейіне және оның бейініне байланысты 2 жылдан 3 жылға дейін. Мысалы, ТЖҚ БП түлектері 2 жыл, ал ТжКБ (медициналық колледждің фармацевтикалық бөлімшесін) бітіргендер 3 жыл оқиды.
Қысқартылған білім мерзімімен оқуға түскендердің әрқайсысы үшін оқытудың жеке жоспары жасалады және ол алдыңғы білім деңгейіне және алдыңғы деңгейде игерілген пәндерге байланысты болады.
Оқытудың бұл нұсқасы танымал болады, өйткені ол университеттегі оқуды мамандығы бойынша жұмыспен біріктіруге мүмкіндік береді. Биылғы оқу жылында «Фармация» КБ қысқартылған мерзіммен 104 талапкер оқуға түсті.
2 қыркүйекте «CONCORDIA» залында бірінші курс студенттерінің фармация мектебінің басшылығымен, университет бөлімшелерімен алғашқы кездесуі өтті.
Фармация мектебінің деканы, профессор З.Б. Сакипова бірінші курс оқушыларын оқудың басталуымен құттықтап, Фармация мектебі туралы айтып берді, фармацевтика факультетінің (қазір фармация мектебі) 70 жылдағы жетістіктері туралы фильм көрсетілді. Декан бірінші курс студенттерін университеттің негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырды: академиялық саясат, білім алушының ар-намыс кодексі, ішкі тәртіп ережелері. З.Б. Сакипова аптаның бағдарлық бағдарламасы туралы айтып, фармация мектебінің деканаты мен университет бөлімшелерінің қызметкерлерін таныстырды.
Бірінші курс студенттері үшін ақпараттық таныстырылымдар жасалды:
1, Білім алушыларды дамыту және қолдау департаментінің басшысы Шермет Шерзат Розметұлы жатақханаға жолдамаларды рәсімдеу ережелері және оларда тұру ережелері туралы таныстырып, ONAY дербестендірілген студенттік карталарын алу туралы ақпарат берді.
- тіркеу кеңсесі басқармасының басшысы Нәбиева Гүлназ Социаловна:
университет студенттері үшін тіркеу кеңсесін басқару процесі, функциялары және электрондық қызметтері.
- Цифрландыру департаменті басшысының орынбасары Қаленова Бақытгүл Советқызы: студенттерге арналған оқу процестерін автоматтандыру бойынша ақпарат
4, Тестілеу орталығының басшысы Маймақова Әйгерім Мейірбекқызы: Тестілеу орталығында емтихан өткізу қағидалары бойынша ақпарат.
- Ғылыми кітапхананың жетекшісі Мейірбекова Күләш Раймбекқызы: университеттің кітапхана қоры бойынша студенттерге арналған ақпарат, оқулықтар мен басқа да әдебиеттерді алудың тиісті процесі (тұсаукесер).
- Студенттер кеңсесінің бас маманы Мұқышова Жанар Өмірзаққызы, студенттер кеңсесі бөлімінің инспекторы Ахметханова Сания Халелханқызы: әскери есепке алу туралы ақпарат, әскери есепке алу бойынша талаптарды орындау.
- С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университеттік клиникасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек және диагностика меңгерушісі Жәнібекова Шолпан Өмірбекқызы: университеттің студенттік емханасының құрылымымен танысу, емханаға жүгіну мәселелері, науқастануы туралы анықтаманы растау, ДКК.
Бірінші курс студенттері Фармация мектебінің кураторларымен және студенттік активтерімен (еріктілерімен) танысты.
Іс-шара соңында демократиялық негізде топтардың, кіші топтардың және ағымдардың старосталарын таңдау болды.
Бірінші курс студенттері НЗМ, мамандандырылған мектептерді бітірді. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген староста лауазымына үміткерлер өздерін, жоспарларын таныстырды. Олардың ішінен ең лайықтылары осы лауазымдарға конкурстық негізде таңдалды.