ҚазҰМУ Хабаршысы ресейлік ғылыми индексінде көш бастап келеді
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексінінің (РҒДИ) қазақстандық баспалар арасындағы дерекқорға сәйкес, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналы (ҚазҰМУ Хабаршысы) «Медицина және денсаулық сақтау» тарауы бойынша бірінші орын, ал барлық қазақстандық баспалардың арасында 4-ші орында.
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) — бұл 9 миллионға жуық ресейлік авторлардың жарияланымын жинақтайтын, сондай-ақ аталмыш жарияланымдардың 6000-нан астам ресейлік журналдардағы дәйексөз туралы ақпаратты қамтитын ғылыми дәйексөздің библиографиялық дерекқоры. Аталмыш жүйе ғылыми зерттеулердің өзекті анықтамалық-библиографиялық ақпараттарды қолма-қол қамтамасыз етуден бөлек ғылыми журналдардың деңгейін, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдардың қызметтерінің тиімділігі мен нәтижелілігіне баға беруге мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады. РҒДИ жобасы 2006 жылы Ресей Федерациясының Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен іске қосылған болатын.
Қазіргі таңда «ҚазҰМУ Хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналының ұжымы РҒДИ дерекқорына журналдың барлық шығарылымдарын жүктеуде үлкен жұмыс атқаруда. Бұл журналдың дәйексөз санын көбейтіп, ондағы жарияланған авторлардың – көш бастап келе жатқан қазақстандық медициналық білім ордасы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қызметкерлерінің танылуы болып табылады.
РҒДИ-де «ҚазҰМУ Хабаршысынан» заманауи медицинаның өзекті проблемалары жөніндегі мақалаларды көруге болады. Олардың ішінде күрделі хирургиялық оталардың сипаттауы бойынша зертханалық және далалық зерттеулер, сондай-ақ қазақстандық денсаулық сақтауды дамытудағы талдамалы материалдар бар. Ғылыми мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілінде ұсынылған. Қазіргі уақытта шетелдік және өзге де баспаларды санағанда «ҚазҰМУ Хабаршысы» мақалаларының дәйексөз индексі – 251.
«ҚазҰМУ Хабаршысы» журналы 2007 жылы құрылды. Журнал жылына 4 рет шығады. Аталмыш журнал Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесіне кіреді.
Журналдың электронды нұсқасымен www.kaznmu.kz/press сайтынан танысуға болады. Материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады.
«Медицина және денсаулық сақтау» санаты бойынша Қазақстан журналдарының тізімі
«Медицина және денсаулық сақтау» санаты бойынша РҒДИ-де енгізілген және индекстелетін Қазақстан журналдарының тізімі
РҒДИ-де енгізілген және индекстелетін Қазақстан журналдарының тізімі
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі