ҚазҰМУ Шэньчжэнь университетінің (SZUMS) Медициналық мектебімен бірлесе отырып, халықаралық жоба аясында 750,000 юань (100,000 АҚШ доллары) көлемінде гранттық қаржыландырумен Бас зерттеуші (Principal Investigator) қызметіне қатысу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ жариялайды.
ӨТІНІМДІ КІМДЕР БЕРЕ АЛАДЫ:
Медицина, биология немесе фармация саласында жұмыс істейтін, ассистент профессор немесе одан жоғары лауазымдағы, халықаралық жарияланымдары бар және ағылшын тілін C1 және одан жоғары деңгейде меңгерген ғалымдар қатысуға үміткер бола алады.
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР:
Жоба аясында сіз Шэньчжэньдегі (ҚХР) SZUMS базасында 1-2 жыл бойы келесі ғылыми бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізумен айналысатын боласыз:
- Қазақстандық дәрілік өсімдіктерден табиғи қосылыстарды экстракциялау, бөлу және химиялық сипаттамасы.
- Қатерлі ісікке қарсы қосылыстарды іздеу және перспективалы молекулаларды химиялық оңтайландыру.
- Анықталған қатерлі ісікке қарсы қосылыстардың доклиникалық зерттеулері.
БІЗ НЕ ҰСЫНАМЫЗ:
- Зерттеу жүргізу кезеңінде ҚХР Шэньчжэнь қаласында тұру және жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Ай сайынғы шәкіртақының төленуі:
-
- Ассистент профессор үшін 9,000 юань;
- Ассоциирленген профессор (доцент) үшін 12,000 юань;
- Профессор үшін 15,000 юань.
Байланыс үшін:
Барлық сұрақтар бойынша бағдарламаның үйлестірушісі Жұмағалиұлы Абзалға – [email protected] электрондық поштасына хабарласуыңызға болады.