ҚазҰМУ-ға ҚБТУ делегациясы келді
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Габдуллин бастаған делегацияны қабылдады.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов мәртебелі меймандарға өзі кампус-тур ұйымдастырып, университеттің басты инфрақұрылымдық нысандарын таныстырды. Қонақтар заманауи зертханаларды, Студенттерге қызмет көрсету орталығын, Тестілеу орталығын және бірегей анатомиялық музейлерді аралап көрді.
Кездесу барысында тараптар екі жоғары оқу орны арасындағы әріптестікті дамыту жолдарын талқылады. Әсіресе ақпараттық жүйелерді бірлесе әзірлеу, биомедицина саласындағы білім беру бағдарламаларын іске қосу және басқа да инновациялық, пәнаралық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар ғылым, технология және медициналық білім беру бағыттарын тоғыстыра отырып, серіктестікті дамытуға ортақ қызығушылық білдірді.