ҚАЗҰМУ ҒЫЛЫМИ ГРАНТЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ COVID-19-БЕН КҮРЕСУІ
«Саумал препаратын қолдану арқылы COVID-19 жұқтырған науқастардағы жасушалық иммунитеттің және ішек микробиомасының жай-күйі» тақырыбында медицина және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерге гранттар тағайындау бойынша Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының медицина ғылымының докторы, профессор Мусаев А.Т. университет ішілік конкурстың жеңімпазы болып танылды. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Нұрғожин Т.С. 21 млн 707 мың теңгеге сертификат табыс етті. Уақытша зерттеу тобы құрылды, оның ішінде профессор-оқытушылар құрамы, PhD докторлары, резиденттер, интерндер және университет студенттері бар. Сондай-ақ, ұжым құрамында практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Б. Табынбаев және емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері бар.
Бұл жобаның мақсаты – вирусқа қарсы, антиоксиданттық және иммуностимуляциялық қасиеттері бар табиғи Саумал өнімін тегін жеткізу. Жоба барысында COVID-19 бар пациенттерде грант қаражаты есебінен ішек микробиотасын және жасуша мембраналарының фосфолипид спектрін анықтау үшін арнайы зертханалық зерттеу жүргізіледі. Отандық Саумал өнімін COVID-19 терапиясында қолданудың тиімділігін көрсету қажет. Осылайша, Қазақстан Үкіметінің емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін отандық өндірістің дәрілік препараттарын енгізу жөніндегі саясаты қолдау табады. COVID-19-бен күреске бағытталған жоба бойынша біздің ғылыми-практикалық зерттеуіміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.