ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінің отырысында ғылыми атақ дипломдары табысталды
2025 жылдың 28 қарашасында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Ғылыми кеңесінің отырысында университет қызметкерлеріне диплом табысталды. Бұл ғылыми атақтарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті берді.
Ғылыми атақтарға ие болған ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамының өкілдері:
30100 – «Медицина ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы:
1.Баймаханов Абылай Ниятович – постдипломдық білім беру факультетінің деканы
30100 – «Медицина ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша ассоциирленген профессор (доцент) ғылыми атағы:
2. Колоскова Екатерина Александровна – микробиология және вирусология кафедрасының аға оқытушысы (и.о. доцент)
3. Сүлейменов Марат Смағұлович – офтальмология кафедрасының меңгерушісі
4. Садыкова Айнұр Мараловна – инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының аға оқытушысы (и.о. доцент)
5. Алтынбеков Құбейісін Дүйсенбаевич – ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі
6. Мұстапаева Нагима Мусабековна – нефрология кафедрасының ассоциирленген профессоры (доцент)
7. Чингаева Гүлнара Нұртаcовна – нефрология кафедрасының и.о. профессоры
8. Жанкалова Зульфия Мейрхановна – жалпы дәрігерлік практика №1 кафедрасының профессоры
9. Шепетов Абай Мүсәйұлы – нефрология кафедрасының меңгерушісі
10. Қабылбаев Қайрат Абдуллаевич – нефрология кафедрасының профессоры
11. Медеулова Айгүл Рахмановна – оториноларингология кафедрасының меңгерушісі
12. Нұрғалиева Гүлзада Қажыгереевна – ішкі аурулар кафедрасының профессоры
13. Смағұлова Гүлмира Советбековна – фармакология кафедрасының доценті
14. Избасарова Ақмарал Шаймерденовна – дене медицинасы, реабилитология және спорттық медицина кафедрасының и.о. меңгерушісі
15. Ахенбекова Айды Жақсыбаевна – Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының доценті
16. Қатарбаев Ады́л Қайырбекович – балалардың инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі
17. Райысова Айгүл Мұратовна – гастроэнтерология кафедрасының аға оқытушысы (и.о. доцент)
18. Исабекова Әсел Қозедиясовна – ішкі аурулар кафедрасының ассоциирленген профессоры
19. Рустамова Фарида Ерашимовна – ішкі аурулар кафедрасының ассоциирленген профессоры
20. Ергазина Марал Жүнісбековна – гистология кафедрасының меңгерушісі
60100 – «Тарих және археология» ғылыми бағыты бойынша ассоциирленген профессор (доцент):
21. Уәлиева Сауле Қабдымүліковна – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассоциирленген профессоры (доцент)
21100 – «Компьютерлік ғылымдар және информатика» ғылыми бағыты бойынша ассоциирленген профессор (доцент):
22. Әжібекова Жанар Жұбандықовна – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі





















