ҚазҰМУ қазақстандық және халықаралық рейтингтерде қандай орындарда тұр
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық зерттеу университеті қазақстандық және халықаралық рейтингтерде ең жоғары позицияларда нық орналасқан.
2021 жылы университет өз тарихында алғаш рет QS World University Ranking әлемдік университеттердің элиталық рейтингінің құрамына енді. Бұл рейтинг бүкіл әлемдегі университеттердің ең көп қаралым рейтингі болып табылады, Academic Ranking of World Universities және Times Higher Education World University Rankings қатар әлемдегі ең көп оқылатын және беделді үш рейтингтің бірі болып саналады.
ҚазҰМУ QS World University Ranking рейтингінде #601-650 позициясын иеленді. Университет 2021 жылы алғаш рет QS World University Ranking кіріп, QS World University Rankings үздіктер тобының 47 пайыздық қатарына енді. Сонымен қатар, ҚазҰМУ Еуропа мен Орталық Азияның 400 институттарынан тұратын QS EECA University Rankings 2021 рейтингінде 135-ші орынды иеленгенін ескере кеткен жөн.
Сондай-ақ, ҚазҰМУ медициналық жоғары оқу орындары арасында «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК және Білім мен ғылымды дамыту орталығының рейтингінде бірінші орынға, сонымен қатар Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НAAР) – 2021 ҚР жоғары оқу орындары қажеттілігінің Ұлттық рейтингінде бесінші орынға қол жеткізді.
2020 жылдың қараша айында ҚазҰМУ Қазақстанның медициналық университеттері арасындағы 2018, 2019 және 2020 жылдардағы Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдерінің «Журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» номинациясы бойынша Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards тәуелсіз марапатына тағы да ие болды.
«ҚазҰМУ хабаршысы» ғылыми журналы РҒДИ деректер базасында бірінші орынға ие болды, Web of science group платформасында Russian citation index жетекші деректер базасына енді.
ҚазҰМУ бакалавриат бағдарламалары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (НААР) елдегі ең үздік деп танылды. ҚР үздік магистратура бағдарламалары – фармация, мейірбике ісі, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс; докторантура – фармация, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау.
2022 жылдың қаңтарында Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сайты қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Webometrics Ғаламдық рейтингінің ТОП-5 қатарына енді, ал еліміздің медициналық университеттері арасында ҚазҰМУ тағы да талассыз көшбасшыға айналды.