ҚазҰМУ Қоғаммен байланыс басқармасы Google@KazNMU-ға бес үздік жетілдіру енгізді
ҚазҰМУ баспасөз қызметінің мамандары Google@KazNMU пошталық сервисін едәуір жетілдіріп, оған оқытушылардың еңбегін және студенттердің оқуын жеңілдететін жаңа мүмкіндіктер енгізді. Бұл пошта жаңа және бұрыннан қосылған қолданушыларға одан да тиімдірек жұмыс істеуге көмектеседі. Кіріктіре орнатылған мәтіндік, дыбыстық және бейнечаттар оқушылар мен оқытушыларға желіде кім отырғанын көру және олармен бірден әңгіме бастап кету мүмкіндігін береді. 30 гигабайт пошта жәшігінің көлемі артық хаттарды өшірмеу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, Google Дискі кез келген орында өз файлдарына кез келген құрылғыдан қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл жаңа енгізілімдер Google@KazNMU пайдаланушыларының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Біріншіден, «Құжаттар» функционалы пайда болды. Енді дәл поштаның ішінде суреттер, кестелер, көбейтулер, кескіндер, сілтемелер мен т.б. қамтылған түрлі құжаттарды жасауға болады және комментарийлерге жазған пікірлерді де қарап отыруға мүмкіндік бар. Браузерден 20-дан артық файл түрін, оның ішінде видео және де Adobe Illustrator мен Photoshop құжаттарын, тіпті құрылғыңызда тиісті БҚ орнатылмаған болса да, қарау мүмкіндігіңіз бар. Пайдаланушы файлдарды түрлі веб-қосымшалардан (Aviary, Animoto, Balsamiq т.б.) Google Дискіне сақтап алып, оларды дәл сол жерден аша алады.
Сондай-ақ, құжаттарды архивтеу және іздеу мүмкіндігі енгізілді. Бір құжатпен бір уақытта бірнеше адам жұмыс істей алады. Басқа пайдаланушалардың түзетулері бірден көрінеді, ал кіріктірілген чат пен комментарийлерде сұрақ қойып немесе редакциялау кезінде шешімді ұсынуға болады. Нәтижелерді DOCX, PDF, ODT, RTF, TXT және HTML форматтарында сақтауға болады. Сонымен қатар, барлық түзетулердің тарихы сақталып тұрады. Құжаттардың өзгеруін қадағалап оытруға, ал түзетулерді қалпына келтіруге болады. Файлдардың алдыңғы нұсқалары шектеусіз уақыт бойы қол жетімді болып сақталып тұрады және сақтау квотасында ескерілмейді. Жалпы кіруді басқарудың кең уәкілеттігі Пайдаланушыға қол жетімді. Басқа адамдарға, тіпті топқа қандай функциялардың қол жетімді болатынын да өздігінен шешуге болады.
Файлдармен жедел жұмыс жасау функционалы басқа пайдаланушыларға файлдарға немесе бүкіл папкаға қол ждеткізу мүмкіндігін береді. Олар болса өз пікірлерін қалдыра алады. Және де, тәуелсіз әзірлегіштердің қосымшаларын орнату арқылы пайдаланушы құжат терезесінен Интернеттегі ақпаратты іздей алады, терминдердің анықтамаларын біле алады, дәйек сөздер келтіреді, кеңейтілген форматтауды қолданады, шаблондардың негізінде хат жазады және тағы басқа көптеген мүмкіндіктерді орындай алады.
Кестелердің редакторы жобаларды сақтауға, деректерді талдауға және нәтижелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар формулалалардың, кіріктірілдген диаграммалардың, фильтрлердің және жиынтық кестенің көмегімен деректерге кешенді талдау жасай алады. Презентацияның жаңа функциясы видео мен анимациялар қосуға болатын көрнекі слайдтар жасауға мүмкіндік береді. Презентацияларды интернетке жариялауға немесе оларды жекелеген адамдармен бөлісуге болады.
Сонымен қатар, сауалнама жүргізу функциясы енгізілді. Енді әрбір корпоративтік пошта пайдаланушысы анкета жасап, оны сайтқа қоса алады немсе әріптестеріне жібере алады.
Алынған жауаптар автоматты түрде Google кестелеріне енгізіледі де, сол жерден оларды талдауға болады. Google@KazNMU корпоративтік университеттік пошта сервисін ҚазҰМУ баспасөз қызметі тарапынан 3,5 жыл бұрын іске қосылды.осыған ұқсас шешімге ауысу жоспары әзірленді, бұл еш шығынсыз өзара ынытымақтаса және бірлесе жұмыс істеуді ұйымдастыруға септігін тигізеді. Біз оқу орындарына арналған Google Apps пакетін зерттедік, талдадық және оны түрлі жергілікті және серверлік шешімдермен салыстырып болған соң, тиісті түрде бағаладық. Бүкіл университет үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жаңа қосымшалар әзірленді. Қазіргі таңда қолданыстағы пошталық сервистердің ешбірі Google жүйесі сияқты осыншама функционалдың, сенімділіктің және тиімділіктің үйлесімінен құралмаған.
Бүгінгі таңда, Google платформасындағы корпортивтік поштасын әлемнің жетекші университеттері қолданады. Қазақстанда ҚазҰМУ осы сервисті қолдануға мүмкіндік алған бірден бір оқу орны болып табылады. Біз Google Apps for Work негізінде корпоративтік поштаны өзіне енгізген Орталық Азиядағы бірінші ЖОО болғанымыз үшін, аккаунттардың шектеусіз санын қолдану мүмкіндігін Google компаниясы бізге тегін ұсынды (басқа оқу орындары үшін әлем бойынша әрбір аккаунтқа қызмет көрсету 50 долларды құрайды). Қазіргі кезде 1000 астам адам – ҚазҰМУ қызметкерлері мен студенттерінде Университеттің электронды поштасы бар, және де ЖОО-ң әрбір бөлімшесі мен кафедрасының бөлек корпоративтік аккаунты бар.