ҚазҰМУ қызметкерлеріне қандай қолдаулар көрсетіледі
2022 жылдың 22 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Т.Шарманов атындағы Даңқ залында ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин мен қаржы директоры Әсет Өтегеновтің қатысуымен Атқару комитетінің мүшелері мен кәсіподақ активінің кездесуі өтті.
Кездесу барысында университет қызметкерлерін қолдау мәселелері талқыланды. Қазіргі таңда кәсіподақтың міндеттеріне кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық (қайырымдылық) көмек көрсету және мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу кіреді.
Университетте еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі келісім комиссиясы жұмыс жүргізеді, оған университеттен 3 адам және атқару комитетінің 3 мүшесі кіреді. Бүгінгі күнге дейін келісім комиссиясына университет қызметкерлерінен 6 өтініш келіп түскен және олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Кәсіподақ комитеті барлық жұмысын әлеуметтік серіктестік және ҚазҰМУ әкімшілігімен ынтымақтастық қағидаттарында құрып, барлық мәселелерді жұмысшылардың мүддесі үшін сындарлы диалог жолымен шешеді.
Кәсіподақ қатысушыларына емделуге, тексерілуге, санаторий-курорттық емделуге, балаларды сауықтыру лагеріне жолдамаларға материалдық көмек, толық емес отбасыларға, мүгедек балаларға жәрдемақы, мектепке дайындалуға көмек қаражаты, 50 жастан асқан мерейтой кезінде материалдық қолдау, сондай-ақ зейнеткерлерге емделуге және Қарттар күніне төлемдер қолжетімді. Сонымен қатар, бала туғанда, некеге тұрған кезде, көп балалы отбасыларға, туыстары ауырған кезде, отбасы мүшелері қайтыс болған кезде және форс-мажорлық жағдайларда біржолғы көмек көрсетіледі.
Кәсіподақ университеттің спорттық-сауықтыру іс-шараларында да маңызды рөл атқарады. Жуырда дене шынықтыру кафедрасына арналған 250 000 теңгеге спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды және осы жылы университет пен клиникалар базасында жаттығу залы, аэробика секциясын ашу жоспарлануда.
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин жергілікті кәсіподақтың жұмысын қолдайтынын атап өтті.
«Кәсіподақ ұйымы университетке және оның шешімдеріне тәуелді емес, міндеттерін өз бетінше шешеді. Ол «Qaz Med» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сыйлығымен марапатталған орган болып табылады. Университетпен, кәсіподақпен қызметкерлерге әрдайым көмек пен қолдау көрсетіледі. Осы күнге дейін ешкімнің өтінішін жерде қалдырмауға тырыстым, сіздердің мәселелеріңізді шешу үшін менің есігім әрдайым ашық», – деді ректор.
Қаржы директоры Әсет Өтегенов сөзіне қарағанда, ҚазҰМУ бүгінгі күні жалақы айтарлықтай өсті. Сондай-ақ 2022 жылы қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысын ұлғайту жоспарлануда.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Сағат Алтынбеков кәсіподақ мүшелеріне төлемдерді арттыру жағына материалдық көмек көрсету тәртібі және жастарды тарту және олардың бос уақытын жақсартуға арналған спорттық-сауықтыру іс-шараларының рөлін арттыру туралы жаңа өзгертілген ережені ұсынды.
«Санаторийлік-сауықтыру шаралары бойынша жаңалықтар енгізілді, барлық жеңілдіктерді көрсету үшін кәсіподаққа кіру мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылды», – деп атап өтті кәсіподақ төрағасы.
Қызметкерлер кәсіподақ қызметіне оң баға бере отырып, оның тарапынан әрдайым көрсетілетін ықылас пен қолдауды ескеріп өтті.