ҚазҰМУ-дың құрылымына өзгерістер енгізілді
Жаңа оқу жылының басында ректордың м.а. Нұргүл Хамзина университет ұжымына ҚазҰМУ-да үлкен өзгерістер болатындығы туралы айтқан болатын. Және де медицина кадрларын дайындау жұмыстарын жетілдірудегі алғашқы қадамдар осы жылдан бастау алатынын ерекше атап өткен еді. Жақын күндері С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінің «Университеттің деканаттарының, факультеттерінің және кафедраларының құрылымдық бөлімшелерін жетілдіру бойынша 2016-2017 оқу жылындағы міндеттері» (2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 1 хаттама) мәселесі бойынша шешімі өз күшіне енді.
«Елбасымыздың алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда алдымыздағы жыл қазақстандық денсаулық сақтауға үлкен өзгерістер әкеледі. Бұл өзгерістер ҚазҰМУ-ға да қатысты және біз оған дайын болу керекпіз», – деп Н. Хамзина қыркүйек басында өткен жиналыс барысында атап өткен болатын. Алғашқы өзгерістер университет жұмысы құрылымына келіп, университеттің құрылымдык бөлімшелері құрылды және бекітілді. Сонымен, жаңғырту барысында алты факультет жанынан деканаттар құрылды және өз жұмысын бастады:
- Жалпы медицина факультеті жанынан – жалпы медицина факультетінің деканаты;
- Стоматология факультеті жанынан – стоматология факультетінің деканаты;
- Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық- профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультеті жанынан – Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық- профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультетінің деканаты;
- Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультеті жанынан – Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің деканаты;
- Халықаралық медицина факультеті жанынан – Халықаралық медицина факультетінің деканаты;
- Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жанынан – Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканаты.
Сонымен қатар, келесі оқу департаменттері таратылды:
- ішкі аурулар; хирургиялық аурулар;
- педиатрия; стоматология;
- фармация;
- қоғамдық денсаулық сақтау;
- базалық пәндер;
- жалпыуниверситеттік пәндер және электрондық оқыту;
- мейірбике ісі;
- кәсіби тілдерді дамыту.
Таратылғандардың орнына келесі департаменттер құрылды:
- Ішкі аурулар департаменті;
- Жалпы дәрігерлік тәжірибе департаменті;
- Инфектология департаменті;
- Жедел және шұғыл медициналық жәрдем департаменті;
- Хирургиялық аурулар департаменті;
- Акушерлік және гинекология департаменті;
- Педиатрия департаменті;
- Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау департаменті;
- Эпидемиология және биостатистика департаменті;
- Гигиеналық пәндер департаменті;
- Мейірбике ісі департаменті;
- Фармация департаменті;
- Стоматология департаменті;
- Базалық пәндер департаменті;
- Жалпы білім беру пәндер департаменті;
- Тілдік пәндер департаменті.
Қайтадан құрылған департаменттер факультеттердің деканаттарына бекітілді. Атап айтқанда, жалпы медицина факультетінің деканаты бақылауында:
- ішкі аурулар департаменті;
- жалпы дәрігерлік тәжірибе департаменті;
- инфектология департаменті;
- жедел және шұғыл медидиналық жәрдем департаменті;
- хирургиялық аурулар департаменті;
- акушерлік және гинекология департаменті;
- педиатрия департаменті;
- базалық пәндер департаменті.
Ал, стоматология факультетінің деканаты бақылауына стоматология департаменті мен жалпы білім беру пәндері департаменті енгізілді.
Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулык сақтау, медициналық- профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультетінің деканатының жетекшілігінде: қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау департаменті; эпидемиология және биостатистика департаменті; гигиеналық пәндер департаменті; мейірбике ісі департаменті.
Сондай-ақ, фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің деканатының жетекшілігінде:фармация департаменті; тілдік пәндер департаменті.
Сонымен қатар, жаңғырту барысында кафедралар мен модульдарды біріктіру жолымен келесі кафедралар құрылды:
- «№ I ішкі аурулар» кафедрасы, «Гепатология» модулі және «№ 2 ішкі аурулар» кафедрасының штаттық құрамы есебінен «Аралас пәндер курсы бар №1 ішкі аурулар» кафедрасы;
- «№ 1 терапия бойынша интернатура жэне резидентура» кафедрасы, «№ 2 терапия бойынша интернатура және резидентура» кафедрасы, «№3 терапия бойынша интернатура және резидентура» кафедрасы, «Аллергология және клиникалық иммунология» модулі, «Клиникалық фармакология және фармакотерапия» кафедрасы, «Эндекринология» кафедрасы, «Диабетология» модулі, «Нефрология» модулі, «Лабораториялык диагностика және молекулярлық медицина» кафедрасының штаттық құрамы есебінен «Аралас пәндер курсы бар №2 ішкі аурулар» кафедрасы;
- «Психиатрия және наркология» кафедрасы, «Неврологиядағы интернатура және резидентура» кафедрасының штаттық құрамы есебінен «Психиатрия және наркология» кафедрасы;
- «Неврология бойынша интернатура және резидентура» кафедрасы, «Жүйке аурулары» кафедрасы және «Нейрохирургия» кафедрасының штаттық құрамы есебінен «Неврология және нейрохирургия» кафедрасы;
- «Амбулаторлық-поликлиникалық терапия» кафедрасы, «Амбулаторлық- поликлиникалық педиатрия» кафедрасы, «Геронтология және гериатрия» модулының штаттық құрамы есебінен «№1 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасы;
- «Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем» кафедрасының штаттық құрамы есебінен «№ 2 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасы;
- «Жалпы тәжірибе дәрігері» кафедрасының штаттық құрамынан «№ 3 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасы;
- «Дерматовенерология» модулінің штаттық құрамынан «Дерматовенерология» кафедрасы;
- «№ 1 хирургиялық аурулар» кафедрасы және «Урология» модулінің штаттық құрамынан «Урология курсы бар №1 хирургия» кафедрасы;
- «№ 2 хирургиялық аурулар» кафедрасының штаттық құрамынан «№2 хирургия» кафедрасы;
- «Хирургия бойынша интернатура және резидентура» кафедрасы және «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы» кафедрасының штаттық құрамынан «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы курсы бар № 3 хирургия» кафедрасы;
- «Онкология» кафедрасы және «Онкология бойынша интернатура және резидентура» кафедрасының штаттық құрамынан «Онкология» кафедрасы;
- «№ 1 акушерлік және гинекология» кафедрасы, «№2 акушерлік және гинекология» кафедрасы, «Акушерлік және гинекология бойынша интернатура және резидентура» кафедрасының штаттық құрамынан «Акушерлік және гинекология» кафедрасы;
- «№ 1 балалар аурулары» кафедрасы, «№1 педиатрия бойынша интернатура және резидентура» кафедрасы, «№2 педиатрия бойынша интернатура және резидентура» кафедрасы, «Балалар ауруларынын пропедевтикасы» модулі, «Неонатология» модулының штаттық құрамынан «Балалар аурулары» кафедрасы;
- «Денсаулық сақтау менеджменті және басқару» кафедрасы, «Медициналық құқық және сот медицинасы» модулі, «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасы, «Мейірбике ісіндегі менеджмент және экономика» модулінің штаттық құрамынан «Медициналық құқық және сот медицинасы курсы бар саясат және денсаулық сақтауды басқару» кафедрасы;
- «Халықаралық денсаулық сақтау» кафедрасы, «Денсаулық сақтаудың менеджменті мен экономикасы» кафедрасы, «Денсаулық сақтау мен фармациядағы экономика» модулінің штаттық құрамынан «Экономикалық теория курсы бар денсаулық сақтау экономикасы және медициналық сақтандыру» кафедрасы;
- «Эпидемиология» кафедрасы және «АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулінің штаттық құрамынан «АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау курсы бар эпидемиология» кафедрасы;
- «Еңбек гигиенасы және медицинасы» кафедрасы, «Коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» кафедрасының штаттық құрамынан «Коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсы бар еңбек гигиенасы және медицинасы» кафедрасы;
- «Мейірбике іci» кафедрасының, «Мейірбике ісінде мейірбикелік тәжірибені ұйымдастыру»- кафедрасының штаттық құрамынан «Мейірбикелік тәжірибені ұйымдастыру курсы бар мейірбике ісі» кафедрасы;
- «Фармацевт-менеджер» модулі, «Фармацевт-аналитик» модулі, «Фармацевт- фармакогност» модулі, «Фармацевт-токсиколог» модулі, «Фармацевт- технолог» модулінің штаттық құрамынан Фармация және клиникалық фармация экономикасы және басқару курсы, фармацевтикалық химия курсы, токсикологиялық пәндер курсы, фармакогнозия курсы бар «Фармацевтикалық пәндер»кафедрасы;
- «Биохимия» кафедрасы және «Химия» кафедрасының штаттық құрамынан «Биохимия» кафедрасы;
- «Қалыпты физиология» модулі және «Валеология» модулінің штаттық құрамынан «Валеология курсы бар қалыпты физиология» кафедрасы;
- «Гистология» кафедрасы және «Гистология» модулінің штаттық құрамынан «Гистология» кафедрасы;
- «Қалыпты анатомия» кафедрасы және «Қалыпты анатомия» модулінің штаттық құрамынан «Қалыпты анатомия» кафедрасы;
- «Патологиялық анатомия» кафедрасы және «Патологиялык анатомия» модулінің штаттық құрамынан «Патологиялык анатомия» кафедрасы;
- «Фармакология» кафедрасы және «Фармакология» модулінің штаттық құрамынан «Фармакология» кафедрасы;
- «Информатика» кафедрасы және «Биофизика» модулінің штаттық құрамынан «Биофизика курсы бар информатика» кафедрасы;
- «Дене тәрбиесі» кафедрасы және «Өмір сүру кауіпсіздігінің негіздері» модулі штаттық құрамынан «Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері курсы бар дене тәрбиесі» кафедрасы;
- «Орыс тілі және кәсіби орыс тілі» кафедрасы және «Латын тілі» модулінің штаттық құрамынан «Латын тілі курсы бар орыс тілі және кәсіби орыс тілі» кафедрасы;
- «Шет тілі» кафедрасы және «Кәсіби тілдерді дамыту» кафедрасының штаттық құрамынан «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасы;
- «Терапия» кафедрасы, «Отбасы медицинасы» кафедрасы, «Педиатрия және неонатология» кафедрасы, «Сәулелік және функционалдық диагностика» кафедрасы, «Клиникалыққ зертханалық диагностика» кафедрасы, «Неврология» кафедрасы, «Клиникалық фармакология» кафедрасы, «Дерматовенерология и эстетикалық медицина» кафедрасы, «Мейірбике ісі» кафедрасының штаттық құрамынан «Терапевттік бағыттағы дипломнан кейінгі білім беру» кафедрасы;
- «Пластикалық хирургия курсы бар хирургия» кафедрасы, «Жедел шұғыл медициналық жәрдем курсы бар анестезиология және реаниматология» кафедрасы, «Акушерлік және гинекология» кафедрасының штаттық құрамынан «Хирургиялық багыттағы дипломнан кейінгі -білім беру» кафедрасы;
- Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік орталығы.
Қайтадан құрылған департаменттерге келесі кафедралар бекітілді:
Ішкі ayрулар департаментіне:
- «Аралас пәндер курсымен №1 ішкі аурулар» кафедрасы;
- «Визуалдық диагностика» кафедрасы
- «Аралас пәндер курсымен №2 ішкі аурулар» кафедрасы;
- «№ 3 ішкі аурулар» кафедрасы;
- «Психиатрия және наркология» кафедрасы;
- «Неврология және нейрохирургия» кафедрасы.
Жалпы дәрігерлік тәжірибе департаментіне:
- «№ 1 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасы;
- «№ 2 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасы;
- «№ 3 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасы.
Инфектология департаментіне:
- «Инфекциялық және тропикалық аурулар» кафедрасы;
- «Фтизиопульмонология» кафедрасы;
- «Дерматовенерология» кафедрасы;
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем департаментіне:
- «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем» кафедрасы.
Хирургиялық аурулар департаментіне:
- «Жалпы хирургия» кафедрасы;
- «Урология курсы бар №1 хирургия» кафедрасы;
- «№ 2 хирургия» кафедрасы;
- «Жүрек-қан тамырлары курсы бар №3 хирургия» кафедрасы;
- «Онкология» кафедрасы;
- «Клиникалық анатомия және оперативтік хирургия» кафедрасы;
- «Анестезиология және реаниматология» кафедрасы;
- «Травматология және ортопедия» кафедрасы;
- «Оториноларингология» кафедрасы;
- «Офтальмология» кафедрасы.
Акушерлік және гинекология департаментіне:
- «Акушерлік және гинекология»кафедрасы.
Педиатрия департаментіне:
- «Балалар аурулары» кафедрасы;
- «Балалар инфекциялық аурулары» кафедрасы;
- «Балалар хирургиясы»кафедрасы.
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау департаментіне:
- «Қоғамдық денсаулық» кафедрасы;
- «Медициналық құқық және сот медицинасы курсы бар саясат және денсаулық сақтауды басқару» кафедрасы;
- «Экономикалық теория курсы бар денсаулық сақтау экономикасы және медициналық сақтандыру» кафедрасы.
Эпидемиология және биостатистика департаментіне:
- «АИТВ инфекциясы жэне инфекциялық бақылау курсы бар эпидемиология» кафедрасы;
- «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасы.
Гигиеналық пәндер департаментіне:
- «Жалпы гигиена мен экология» кафедрасы;
- «Коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсы бар еңбек гигиенасы және медицинасы» кафедрасы;
- «Нутрициология» кафедрасы.
Мейірбике ісі департаментіне:
- «Мейірбикелік тәжірибені ұйымдастыру курсы бар мейірбике ісі» кафедрасы.
Фармация департаментіне:
- «Фармация жэне клиникалық фармация экономикасы және басқару курсы, фармацевтикалық химия курсы, токсикологиялық пәндер курсы, фармакогнозия курсы бар фармацевтикалық пәндер» кафедрасы;
- «Технологиялық пәндер курсы, инженерлік пәндер курсы бар дәрілер технологиясы» кафедрасы.
Стоматология департаментіне:
- «Терапевтік стоматология» кафедрасы;
- «Хирургииялық стоматология» кафедрасы.
- «Ортопедииялық стоматология» кафедрасы;
- «Балалар жасындағы стоматология» кафедрасы;
- «Стоматология бойынша интернатура» кафедрасы.
Базалык пәндер департаментіне:
- «Биохимия» кафедрасы;
- «Валеология курсы бар қалыпты физиология» кафедрасы;
- «Гистология» кафедрасы;
- «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасы;
- «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы;
- «Молекулярлық биология және медициналық генетика» кафедрасы;
- «Қалыпты анатомия» кафедрасы;
- «Жалпы иммунология» кафедрасы;
- «Патологиялық анатомия» кафедрасы;
- «Патологиялық физиология» кафедрасы;
- «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы;
- «Фармакология» кафедрасы;
- Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы.
Жалпы білім беру пәндері департаментіне:
- «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы;
- «Биофизика курсы бар информатика» кафедрасы;
- «Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері курсы бар дене тәрбиесі» кафедрасы.
Тілдік пәндер департаментіне:
- «Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі» кафедрасы;
- «Латын тілі курсы бар орыс тілі және кәсіби орыс тілі» кафедрасы;
- «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасы
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі