ҚазҰМУ үш ғылыми институтпен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті үш жетекші ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Меморандумдарға қол қою рәсімі Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының форумы барысында өтті.
Университет М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтымен, инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы және генетика және физиология институтымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.
Шарттардың мақсаты – көрсетілген білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің ғылыми жобалары мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау. Аталмыш шарт ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға және өткізуге, бірлескен диссертациялық кеңестерді құруға, іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми мектептерді дамытуға, ғылымның басым бағыттарын қалыптастыру үшін пәнаралық зерттеу топтарын құруға, технологиялар трансфертін және коммерцияландыруды дамытуға, ғылыми нәтижелердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, ЖОО ғалымдары үшін зерттеу инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз етуге, ғылыми инфрақұрылымды зерттеуші ғалымдар арасында білім мен тәжірибе алмасу үшін платформа құруға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру, постдокторлық бағдарламаларды іске асыру, университеттің білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік басшылық пен сүйемелдеу барысында институттың әзірлеуі мен жүзеге асыруына қатысты болмақ.
Университет пен институттың магистратура мен докторантураның бірлескен бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастығы институт бағдарламалары бойынша магистратура мен докторантурада білім алушыларды оқытуды және ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың барлық аспектілері бойынша паритеттік серіктестік негізде жүзеге асырылады. Университет пен институттың әріптестік паритеттік серіктестігі университеттің ұйымдық және басқарушылық автономия құқықтары берілген, білім беру қызметін жүргізуге мемлекеттік лицензиясы бар білім беру мекемесі ретіндегі ерекше мәртебесінен және Институттың ұйымдастырушылық және басқарушылық автономия құқықтары берілген мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелері ретіндегі мәртебесінен туындайтын олардың ерекше мүдделері мен жауапкершілік салаларының басымдығын жоймайды.
ЖОО институттармен ынтымақтастығы туралы шарт бірлескен жұмыс перспективаларын кеңейтеді. Сонымен қатар, Фармация, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, Қоғамдық денсаулық сақтау және Медицина үш мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестердің санын арттыру жоспарлануда.
Университеттің ПОҚ штатына студенттерге дәріс оқитын ҒЗИ 25 ғалымдары кіреді. Ғылыми институттар өз кезегінде университет магистранттарына докторанттарға тағылымдама үшін 30 орын, сондай-ақ институттардың ғылыми жобаларында ҚазҰМУ докторанттары мен магистранттарына 20 орын ұсынуды көздеп отыр.