ҚазҰМУ ұжымына қарауға жаңа логотиптің жобасы ұсынылуда
Құрметті әріптестер, оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер!
Сіздерге қарауға ҚазҰМУ-дың жаңа логотипінің жобасын ұсынып отырмыз. Қазақ ұлттық медицина университетін акционерлік қоғам ретінде қайта құру жолымен қайта ұйымдастырудағы дайындық барысында ребрендинг жүргізілген болатын. Ребрендинг корпоративті символиканы модернизациялау жолымен ұйымдастырылды және оның негізгі бөлігі жаңа логотип болып табылады.
Қорытындысында жаңа логотип жасалынды. Жаңа логотип Қазақ ұлттық медицина университеті туралы салт-дәстүрге бай тұрақты дамушы мекеме, сондай-ақ, ұлттың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз үлесін қосып, маңызды міндеттерді атқаратын оқу орын ретінде көрініс береді.
Сіздерге сілтеме арқылы Жаңа логотипке қатысты дауыс беруге қатысуыңызды сұраймыз!
Әр дауыс маңызды! Дауыс беру нәтижелерімен онлайн-режимде танысуға болады.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі