ҚазҰМУ әскери кафедрасына 2 курс студентерді іріктеуді жүргізу
ҚазҰМУ әскери кафедрасына әскери даярлықтан өту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі жұмыс істеу мерзімі:
С.Д. Асфендияров атындығы Қазақ Ұлттық медининалық университеті
2015 жылғы 17-19 тамыз – жасәспірім студенттерді іріктеу
2015 жылғы 15-20 қыркүйек – студент қыздарды іріктеу
Әскери кафедраға қалай түсуге болады?
Әскери кафедраға 27 жасқа толмаған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды азаматтар түсе алады, ал Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі анықтаған әскери-есепке алу мамандықтар тобы бойынша студент-бойжеткендер де түсе алады.
Әскери дайындықтан өту үшін студенттерді іріктеуді олардың өтініштері бойынша іріктеу комиссиясы жүргізеді, олар ЖОО басшысының атына ұсынылады.
Әскери кафедраға түсу үшін студенттер белгілі бір талаптарға сай келулері тиіс, бұл ретте мынадай көрсеткіштер ескеріледі:
- әскери басқарманың жергілікті органдарының шақыру комиссияларының медициналық куәландыру нәтижелері (әскери комиссиариаттар);
- әскери оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін белгіленген дене дайындығы бойынша нормативтерді орындау нәтижелері;
- психологиялық іріктеу нәтижелері;
- емтихан тапсыру нәтижелері бойынша анықталатын оқу орнындағы студент үлгерімінің орташа балы.
Осы көрсеткіштер іріктеу комиссиясының отырысында қаралады. Әскери дайындықтан өту үшін студенттерді қабылдауды әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша іріктеу комиссиясының хаттамасы негізінде ЖОО басшысы жүргізеді.
Студенттердің әскери қызметке жарамдылығы әскери дайындық басталар алдында, сондай-ақ оқу жиындарының алдында әскери басқармалардың жергілікті органдарында (әскери комиссиариаттарда) әскери-дәрігерлік комиссиялардың оларды медициналық куәландыру нәтижелері бойынша анықталады.
Әскери кафедраға түсу үшін студент келесі құжаттар пакетіне ие болуы тиіс:
1) тіркеу куәлігінің көшірмесі және түпнұсқа;
2) жеке куәліктің көшірмесі және түпнұсқа;
3) деканның қолы бар сипаттама – 2 дана;
4) 2 фотосурет 3×4;
5) автобиография (әскери кафедраның бланкісінде толтырылады).
ЖОО әскери дайындықты ұйымдастыру, осы үшін қажетті оқу материалдық-техникалық базаны құру, әскери техника және қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз ету, құпия режимді қатаң сақтау үшін тікелей жауапкершілік ЖОО басшыларына жүктеледі.