ҚазҰМУ әскери кафедрасының 122 түлегі салтанатты түрде ант қабылдады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде бүгін ерекше қуанышты күн. ҚазҰМУ әскери кафедрасының түлектері салтанатты түрде ант қабылдады.
Әскери ант – Қарулы Күштер қатарына кіру кезінде әрбір азамат беретін салтанатты уәде (ант). Ант қабылдау әскери қызметке тән маңызды құқықтық және моральдық-саяси акт болып табылады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде әскери ант әр түрлі аталды, бірақ оның мәні әрқашан бір – өз күшін және өмірін аямай Отанын қорғауға уәде беру болып қала берді.
Бүгін ҚазҰМУ-дың әскери кафедрасында 122 студент әскери ант қабылдады. Олар әскери мамандықтар бойынша оқып, жақын арада медициналық қызметтің запастағы лейтенанты атағын алады. Барлығы 122 түлектің ішінде 75 ұл, 47 қыз запастағы медициналық қызметтің лейтенанты: құрылық әскесін емдеу ісі, инфекциялық аурулар және стоматология бағдарламалары бойынша оқуды аяқтады. ҚазҰМУ әскери кафедрасында оқу мерзiмi – 2 жыл.
«Әскери дәрігер мамандығы қоғамда ерекше маңызға ие. Асыл құтқарушы, ақ халат киген офицер, қарудың көмегімен емес, білімнің көмегімен шайқасатын батыр. Олар жанқиярлық пен ерлікті зорлық-зомбылық актілерімен емес, ұрыс алаңында зардап шеккендерге батылдықпен және көмекпен көрсетеді. Бүгінде сіздер оның ізбасарлары, ұлы әскери дәрігерлердің, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлектерінің мұрагерлері боласыздар «, – деп атап өтті ҚазҰМУ проректоры Светлана Сұлтанғазиева.
ҚазҰМУ әскери кафедрасы 1938 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде запастағы медициналық қызметтің 50 мыңнан астам офицері даярланды. Бұдан біздің әскери кафедра тек оқу алаңы ғана емес, нағыз әскери дәрігер батырларды даярлағанын аңғаруға болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери дәрігерлер жараланғандардың 75 пайызын аяққа тұрғызды. Қазақстандық дәрігерлердің қажырлы еңбегінің арқасында он мыңдаған жауынгерлердің өмірі құтқарылды.
«Сіздер сапалы дайындықтан өттіңіздер, ең қиын жағдайларда өмірді құтқару үшін барлық қажетті дағдыларды алдыңыздар. Бейбіт аспан, әскери қақтығыстардың жоқтығы – біздің заманымызда бұл қарапайым заттар барған сайын құнды болып келеді. Қазіргі әлем де әскери дәрігерлердің алдына күрделі міндеттер қояды. Біздің кафедрада алған біліміңіз бен дағдыларыңыз кез келген сын-қатерлерді шешуге көмектеседі. Сіз апат кезінде бірінші болып көмек көрсетесіз, эпидемиямен күреске бірінші болып кірісесіз, бірінші болып азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғайсыз «, – деді ҚазҰМУ әскери кафедрасының бастығы Нұрлан Сыбанбекұлы.
Әскери кафедра түлектерін құттықтауға қорғаныс саласының ардагерлері мен студенттердің ата-аналары қатысты. Салтанатты іс-шарадан соң, арнайы әскери жасақтың қойылымы көрсетіліп, концерт өтті.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазұму-әскери-кафедрасының-122-түлегі-са/, Государственная больница Аксай