ҚазҰМУ өкілдері Ташкент медицина академиясының микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында болды.
«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында жалпы иммунология кафедрасының доценті Абильбаева А.А. және жалпы иммунология кафедрасының лекторы Охас І.М. 2024 жылдың 20 мамыры мен 25 мамыры аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласындағы Ташкент медицина академиясының микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында болды. А.А.Абильбаева мен І.М.Охас оқытушыларға, сондай-ақ Ташкент медицина академиясының «Жалпы медицина», «Медициналық профилактика» мамандықтары бойынша 2 курс студенттеріне жалпы иммунология пәнінен практикалық сабақтар, дәрістер, шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізді. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Бірлескен ғылыми зерттеулер мен мақалаларды жариялау перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, сондай-ақ келесі оқу жылына бірлесіп халықаралық студенттік олимпиада өткізу жоспарларын талқылады. Абильбаева А.А. және Охас І.М. Ташкент медицина академиясының инфрақұрылымымен, атап айтқанда биомедициналық технологиялар орталығымен, ғылыми кітапханамен және тест орталығымен танысты.