ҚазҰМУ «Almaty towers» ғимаратында болған өрттен қаза тапқан студенттің отбасына 300 мың теңге бөледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақ ұлттық медицина университеті «Almaty towers» ғимаратында болған өрт кезінде қаза болған Исмаилжон Исралиовтың отбасына көмек ретінде 300 мың теңге бөледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «ҚазҰМУ қаза болған студенттің отбасына көмек ретінде 300 мың теңге бөледі.
ҚазҰМУ басшылығы мен ұжымы жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған екінші курс студенті Исмаилжон Исралиовтың туғандары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады»,- делінген мәлімдемеде.
ҚазҰМУ экономикалық кеңесінің шешімімен қайтыс болған студенттің отбасына 300 мың теңге материалдық көмек бөлінеді.
Исраилов Исмаилжон 1995 жылы 23 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ кентінде туған. Исмаилжон ҚазҰМУ Жалпы медицина факультетінде үш жыл оқыды. Ол тіс дәрігері болуға шешім қабылдап, ҚазҰМУ Стамотология факультетінің екінші курсына ауысты.
Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу барысында қылмыстық іс бойынша басқа жағдайлар анықталды.
Еске сала кетейік, өрт бизнес-орталықта 6 қарашада кешке болды. Өрт кезінде бір адам қаза тапты, келесі күні тағы бес адамның мүрделері табылды. Өртенген аумақ 1800 шаршы метрді құрайды.
inform.kz http://inform.kz/kz/kazumu-almaty-towers-gimaratynda-bolgan-ortten-kaza-tapkan-studenttin-otbasyna-300-myn-tenge-boledi_a2967672