ҚазҰМУ National H-index Ranking – 2025 рейтингінде 4-орында
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2025 жылдың 4 тоқсанындағы жаңартылған Kazakh National H-index Ranking нәтижелері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ТОП-5 қатарына кірді. Тәуелсіз ғылыми нәтижелілік көрсеткіштерінің бағалау қорытындысына сәйкес, университет 162 ұйымның ішінде 4-орынға ие болды.
ҚазҰМУ-дың рейтингтегі көрсеткіштері:
• National H-index: 62
• H-index Scopus: 71
• H-index Web of Science: 66
• H-index Google Scholar: 98
Бұл деректер ҚазҰМУ ғалымдарының жарияланымдық белсенділігін және олардың еңбектеріне жасалған дәйексөз деңгейін жан-жақты сипаттайды. 2025 жылдың 2 тоқсанындағы нәтижелермен салыстырғанда университет өз көрсеткіштерін жақсартты және бір саты жоғары көтерілді.
National H-index Ranking Scopus, Web of Science және Google Scholar базаларының мәліметтері негізінде қалыптасады. Мұндай әдістеме ғылыми белсенділікті, зерттеулердің сапасын және ұйымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Көрсеткіштердің өсуі ҚазҰМУ-дың жетекші ғылыми-медициналық университет ретіндегі позициясын нығайта түседі.



