ҚазҰМУ-да ортодонтия бойынша халықаралық конференция өтті
18 ақпан күні С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Ортодонтиядағы қазіргі тенденциялар: тәжірибе және болашақ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Альма-матердің 95 жылдығына орай өткен конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қытайдан келген жетекші мамандар қатысты. Қатысушылар қазіргі ортодонтияның өзекті мәселелерін талқылады. Бұл тістің дұрыс орналасуын түзету ғана емес, сонымен қатар тіс-жақ жүйесінің функционалды жағдайы, бұзылыстардың алдын алу және емдеудің жаңа технологияларын енгізу сияқты аспектілерді қамтиды.
🔹 Дискуссиялардың басты тақырыптары:
✅ Қазіргі ортодонтиялық емдеу әдістері
✅ Цифрлық технологиялар мен элайнерлерді қолдану
✅ Ортодонтияның көпсалалы тәсілдері
Конференция бағдарламасы келесі тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды:
– Қазақстандағы ортодонтияның тарихы мен даму кезеңдері
– Қазіргі тістердің дұрыс орналасуын түзету тәсілдері, соның ішінде тіс жою арқылы емдеу әдістері
– Тіс қатарын кеңейтуге арналған ортодонтиялық құрылғылардың салыстырмалы талдауы
– Ортодонтиялық емдеу барысында стоматологиялық аурулардың алдын алу
– Төменгі жақтың дисфункциясы мен прикус патологиясының өзара байланысы
– Элайнерлерді қолданудағы инновациялар
– Стоматологиялық тәжірибеде жасанды интеллект технологияларын қолдану
– Ортодонтиялық емдеуде микроимпланттарды қолдану
Конференция – тәжірибелі мамандар мен жас ғалымдардың өзара байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, алдағы «ANaMed UniForum – 2025» ғылыми форумына ерекше көңіл аударылды. Бұл ғылыми дәстүрлерді және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы келесі қадам болады.
ҚазҰМУ стоматология және ортодонтия саласындағы халықаралық деңгейде білім мен ғылымды дамытуға ықпал ететін жетекші білім беру және ғылыми орталық ретінде өз позициясын нығайта береді.