«Қаз дауысты Қазбек би» атты дөңгелек стөл
2017жылдың 30 – қазан күні «Рухании жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қаз дауысты Қазбек би» – атты дөңгелек стөл өткізді. Дөңгелек стөлдің ұйымдастырушы болып, Этикалық кеңес пен медициналық құқық курсы бар денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасы болды.
Дөңгелек стөлдің қадірменді қонағы, ұлағатты ұстаз, мәртебелі профессор Мустафина Жанар Ғабиденқызы болды.
Дөңгелек стөл барысында студенттер өздерінің Қазбек би туралы білгендерін ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті.
«Шешеннің шешендігі сөзді шиырлап сөйлей беруінде емес, аз сөзге көп мағына сыйдыруында, айтар ойын жүйелеп, қиыстыра жеткізе білуінде, айтқыштығында, тапқырлығында»- демекші, қазақ халқының жүрегінен ойып тұрып орын алатын жарық жұлдыздардың бірі және бірегейі, дүйім жұртты аузына қарататын шешен- Қаз дауысты Қазбек бидің туғанына биыл 350 жыл толып отыр.

Сондай-ақ, Қазбектің әкесінің жанында отырып жоғалған тайға төрелік жасағанындығы туралы видеоны көрсетті.
Осы сияқты көптеген мәліметтерді келтіруге болады. Дөңгелек стөл барысында Қаз дауысты Қазбек атасының өнеріне бас иіп, сол сияқты болуға ұмтылған, поэзия әлеміне жақын студенттер өздерінің шығарған жыр-шумақтарын арнады. (Байболат Ақбөпе, Захыров Жүсіп, Құрбанәлі Балжан).
Дөңгелек стөлді қортындылай келе, қатысушалар алғыс хатпен марапатталынды.