Қанның сирек аурулары назарда: №7 қалалық клиникалық ауруханада гематология бойынша дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 25 желтоқсанда №7 қалалық клиникалық аурухананың гематология бөлімшесінде «Гематологиядағы сирек аурулар. Парциалды қызыл қан жасушалық аплазия» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының ұйымдастыруымен дәрігер-гематологтар мен резиденттердің қатысуымен өткізілді. Дөңгелек үстел медицина ғылымдарының докторы, профессор Рамазанова Р.М.-ның модерациясымен өтті.
Іс-шара барысында дәрігер-гематологтар мен резиденттер заманауи клиникалық тәсілдерді, халықаралық ұсыныстарды және нақты клиникалық жағдайларды талқылады. Дәрігер-резиденттердің баяндамалары ерекше қызығушылық тудырып, кездесудің тәжірибеге бағытталған және білім беру сипатын айқындады. Дөңгелек үстел С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұйымдастыруымен профессор Рамазанова Р.М.-ның жетекшілігімен өтті.
Іс-шараға №7 ҚКА гематолог-дәрігерлері, резиденттер және ішкі аурулар кафедрасының ассистенттері қатысты. Бұл дөңгелек үстел Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға үлес қосты: ТДМ 3 — «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» және ТДМ 4 — «Сапалы білім беру», медициналық көмектің сапасын арттыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және университет пен клиникалық базаның өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етті.






