«Қан тапсырып, өмір сыйла»
22-26 мамыр 2017 жылы аралығында ҚазҰМУ нутрициология кафедрасы, Студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімімен бірге Республикалық қан құю Орталығымен бірге «Балаларға өмір сыйла» атты «Донор күні» акциясын өткізді. Шара университеттің 7 корпусының фойесінде өтті.
Акция барысында нутрициология кафедрасының доценттері Чуенбекова А.Б. Қайнарбаева М.С., Қожахметова А.Н. дұрыс тамақтану жайлы кеңес берді. Республикалық қан құю Орталығының мобильді оперативті бригадасы жоғары деңгейде бір апта тынбай қызмет көрсетті. Донор күніне 160 адам тілек білдіріп, оның ішінде басым бөлігі дәрі-дәрмектер қабылдау (аспирин, гормоны т.б.), жүктілік, анемия, гепатит т.б. қарсы көрсеткіштерге сай, тізімнен шығарылды. Бір аптада 121 донор 350-450 мл-ден қан өткізіп, жалпы 45 л донор қаны жиналды. Донор қаны – бұл науқастар үшін оларды емдеудегі ешбір теңдессіз емдік зат. Өмірде көп жағдайда мол қаражаттың, қымбат медициналық аппаратура, дәрі-дәрмектің болғанына қарамастан, пациент өмірін дер кезінде құйылған бір тамшы қан құтқарады. Біздің университетіміздің жастары мен ПОҚ-ы қомақты үлес қосты. Олар өздері қан тапсырып, басқа жастардың өмірге үміт сыйлауға мүмкіндік беретін донор болуына қозғау болды. Өйткені дәрігер мамандығы осындай игі қайырымды қадамдар жасаумен қалыптасады.
«ҚАН ТАПСЫРЫП, ӨМІР СЫЙЛА» акциясы Университетіміздің игі дәстүрлі шарасы болуына және балалар өмірі мен денсаулығы үшін қолдау көрсеткен баршаңызға рахмет!!