ҚАН ТАПСЫРЫП, ӨМІР СЫЙЛА
2019 жылы 13-14 наурыз күндері Жастар саясаты басқармасы Республикалық қан орталығымен бірлесіп Қызыл крест қоғамының қатысуымен Concordia театрының фойесінде «Донор күніне» арналған акция жоғары дегейде ұйымдастырылған түрде өткізілді.
Бұл іс-шараға «Еріктілер лигасы» республикалық қоғамдық қорының жергілікті филиалы, Университет студенттік үкіметі қолдау көрсетті.
Донор қаны – науқастар үшін емдеудегі теңдессіз емдік зат. Өмірде көп жағдайда мол қаражаттың, қымбат медициналық аппаратура, дәрі-дәрмектің болғанына қарамастан, пациент өмірін дер кезінде құйылған бір тамшы қан құтқарады және тек қажет топтағы донор қаны өмірді ұзартады.
Осы жағдайды жақсы түсінетін Университет қызметкерлері мен білім алушылары бір ауыздан акцияны қолдап, ұйымдасқан түрде жалпы тексеруден кейін 100-ден аса адамдар қан өткізді.
Акцияға қатысқан барлық жандарға Алғыс айтамыз!
Жастар саясаты басқармасы