Қарағанды мемлекеттік Университетінің ұйымдастыруымен Жоғары оқу орны студенттер арасында «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша ІІ Республикалық пәндік олимпиада болып өтті
2015-жылдың 12-13 наурызы күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген пәндік Олимпиада өткізу кестесі бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің ұйымдастыруымен Жоғары оқу орны студенттер арасында «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша ІІ Республикалық пәндік олимпиада болып өтті.
Қазіргі таңда, мемлекетімізді отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытында жоғары білікті фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандарының жетіспеушілігі байқалып отыр. Еліміздің үш жоғары оқу орны аталған мамандарды даярлайды: Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.
18 ақпан күні Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде алғашқы байқау кезеңі өтті. Олимпиаданы Фармация факультетінің деканы У.М. Датхаев ашып, Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өзге де оқытушылар мен кафедра меңгерушілері студенттерге сәттілік тілеп, бұл Олимпиада болашақта олардың білімдерін жетілдіруде үлкен көмек болатынын айтып өтті.
Тестілеу барысында 3 және 4 курс студенттері арасынан 6 студент алға шықты:
- Нурмурадова Феруза – 4 курс студенті ( ғылыми жетекшісі – Жетерова С.К.)
- Ли Алина – 4 курс студенті ( ғылыми жетекшісі – Жетерова С.К.)
- Оразбай Қайсар – 4 курс студенті ( ғылыми жетекшісі – Кожанова К.К.)
- Орынбекова Сауле – 4 курс студенті ( ғылыми жетекшісі – Омарова Р.А.)
- Ермахан Айгерім – 3 курс студенті ( ғылыми жетекшісі – Аюпова Р.Б.)
- Наурызгалиева Мейиргул – 3 курс студенті ( ғылыми жетекшісі – Аюпова Р.Б.)
Студенттер Философия (PhD) докторы Р.Б. Аюпова жетекшілігімен Қарағанды қаласына бақ сынасуға жолдама алды.
Республикалық пәндік олимпиаданың мақсаты – студенттердің кәсіптік шеберлігін арттыру, қабілет-қарымдарының өлшем деңгейін анықтау және жастардың ғылымға қызығушылығын туғызу болып табылады. Жастардың интеллектуалды білімін сынаққа салған зерделілер сайысына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университеті мен Қазақ Ұлттық Медицина Университетінен 11 студенті қатысты.
Студенттік пәндік олимпиада байқауының Әділқазылар мүшелері төмендегідей болды:
Комиссия төрағасы: Тажбаев Е.М. – химия факультетінің деканы, х.ғ.д., профессор.
Комиссия мүшелері:
Сәлкеева Л.К. (х.ғ.д., профессор)
Ивасенко С.А. (фарм. ғ.д., профессор)
Қадырберлина К.М. (х.ғ.д., доцент)
Кенжетаева С.О. (х.ғ.д., доцент)
I кезеңде «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша типтік оқу жоспарының міндетті компоненттері: «Фармацевтикалық технология негіздері», «Дайын дәрілік қалыптар технологиясы және биофармация», «Экстракциялық препараттар технологиясы», «Синтетикалық дәрілік препараттар химиясы және технологиясы», «Химия-фармацевтикалық өндірістегі үрдістер мен аппараттар» кәсіби пәндер бойынша тест алынды.
ІІ кезеңде студенттер үй тапсырмасы бойынша әр түрлі тақырыптарға ғылыми жобаларын ұсынды. Сайыс барысында студенттердің танымдық, шығармашылық, интеллектуалды деңгейлері бағаланды.
Аталған іс-шара Е.А.Бөкетовтің 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Екі күнге созылған пәндік олимпиада барысында қатаң сынақтармен қоса студенттер академик Е.А.Бөкетовке арналған мемориалдық мұражайға саяхат жасады.
Шара соңында Олимпиада сынақтары бойынша Қазылар алқасының қортындысы шықты. Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің үшінші курс студенті Ермахан Айгерім жүлделі бірінші орынды иеленіп, алдағы пәндік олимпиаданы ұйымдастыру құқығы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне өтті. 4 курс студенттері Оразбай Қайсар мен Ли Алина жүлделі үшінші орындарды иеленіп, оларға салтанатты жағдайда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің арнайы дипломдары мен сыйлықтары табыс етілді.
«Фармация» факультетінің деканы У.М. Датхаев, «Фармацевт-технолог» модулінің жетекшісі З.Б. Сакипова мен Р.Б Аюповаға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университеті атынан арнайы алғыс хат берілді.