Қасаң қабықты трансплантациялау – бұл ең күрделі операция
Қазақстанда алғаш рет американ технологиясы бойынша көздің донорлық қабығын трансплантациялау жүргізіледі
18 мамыр күні қасаң қабықты трансплантациялау Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университеттік клиникасының базасында жүргізіледі. Көздің әртүрлі аурулары бар 12 пациент таңдалып, оларға көздің қабығын трансплантациялауды көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қасаң қабықты трансплантациялау – бұл ең күрделі операция, ол негізінен шетелде жасалады. Трансплантация әртүрлі аурулардан кейін кератоконус, белма және қабықтың бұлыңғырлануы, қабықтың зақымдануы, жарақатқа байланысты тыртықтар, әртүрлі хирургиялық араласулардан кейінгі асқынулар нәтижесінде қабықтың ісінуі сияқты ауруларда қажет.