«Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері: денсаулық сақтау экономикасы» атты IX -шы Жыл сайынғы Халықаралық Жазғы мектеп
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 2017-2018 оқу жылына арналған даму стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Медицналық құқық курсы бар денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері: денсаулық сақтау экономикасы» атты тақырыпта 2018ж 14-19 мамырда Жазғы Мектепті ұйымдастырып өткізді.
Жазғы мектептің семинарына Қазақ мемлекеттік үздіксіз білім беру университетінің, Жоғарғы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің магистранттары және докторанттары, сонымен қатар С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Жазғы мектептің қатысушыларын ҚазҰМУ-дың Халел Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы м.ғ.к. Давлетов Қ.К. және «Медициналық құқық курсы бар денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Тұрдалиева Б.С. қарсы алды.
Семинарды ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, «Астана медициналық университеті» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, м.ғ.д., профессор Рахыпбеков Т.К. өткізді.
2018 жылы Жазғы Мектептің мақсаты: денсаулық сақтаудағы экономиканың қағидаларын зерттеу болып табылады.
Жазғы мектептің семинарлары интерактивті оқыту тәртібінде өткізілді, оның ішінде шағын топтардағы жұмыс, пікірталастар, рөлдік ойындар және т.б. Ғылыми мәліметтер базасымен жұмыс істеу бойынша практикалық жұмыс өткізу, оның ішінде мәселені қалыптастыру, сенімді ғылыми деректерді іздеу және талдау. Оқулар «Медициналық курсы бар Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасында өткізілді.
Семинарлардың тақырыбы: «Түрлі елдердің ұлттық қаржыландыру жүйесін шолу: МӘМҚ тәжірибесі мен сабақтары, МӘМҚ бойынша аналитикалық көзқарастар», «Медициналық қызметтерге ақы төлеудің баламалы әдістері және олардың денсаулық сақтау жүйесіне әсер етуі», «Экономист емес тұлғалар үшін экономика», «Денсаулық сақтаудағы экономика», «Экономикалық талдау әдістері», «Денсаулық сақтаудағы маркетинг», «Бизнес-жоспарлау. Командалық көшбасшылардың міндеттері туралы есептер».
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Жазғы Мектептің қатысушылары ұйымның және оқытудың сапасы туралы оң пікірлерін білдірді.