Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының визитинг-профессор Деян Николичтің қатысуымен өткізілген білім беру іс-шарасы
2026 жылғы 6–8 сәуір аралығында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы Белград университетінің медицина факультетінің физикалық медицина және оңалту кафедрасының ассистент-профессоры, MD, PhD Деян Николичтің қатысуымен мазмұнды білім беру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында резиденттер, магистранттар, докторанттар және қоғамдық денсаулық сақтау, физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы дәрістер мен практикалық семинарларға белсенді қатысты.
Бағдарлама қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі мен клиникалық тәжірибедегі оңалтудың заманауи тәсілдеріне арналды. Әсіресе пәнаралық әдістерді енгізу, медициналық көмектің сапасын арттыру және пациенттердің өмір сапасын жақсартудағы оңалтудың рөліне ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шара тәжірибе алмасу, кәсіби пікір алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
















