ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ҚазҰМУ ұжымынан Қазақстандағы медициналық көмекті дамыту тұрғысынан қолдау көрсетуді сұрады
Министр Дүйсенованың университет ұжымымен өткен кездесуінің негізгі тақырыбы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу болды. Айта кетсек, аталмыш жүйе келесі жылдан бастап іске асырылатын болады. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова кездесуде ҚазҰМУ-дағы медицина кадрларын дайындаудағы сапаны көтеру тұрғыдан маңызды сұрақтарды қарастырып, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен қызметкерлерінің ЖОО-ның мәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап берді.
«Қазіргі таңда Үкімет күн тәртібіндегі негізгі сұрақ – бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Міндетті медициналық сақтандыруға байланысты негізгі қағидаларын түсіндіруге және дайындыққа азғантай ғана уақыт қалды», – деді министр.
Өткен кездесуде министр Қазақстан тұрғындарынан МӘМС бойынша қандай сұрақтар жиі қойылатыны, оларды көбіне не толғандырып алаңдатынын айтты.
– Көптеген адамдар менен медициналық сақтандыруды енгізу 90-шы жылдардың соңында болғандай қайталанбайды ма деп сұрайды, – деп Т.Дүйсенова айтып өтті. – Әр реформаның артықшылығы мен кемшілігі болады, сонымен қатар әр реформаға өзіндік уақыт керек. 1996-1998 жылдары елімізде алғаш медициналық сақтандыру енгізілген сәттері Қордың табыс бөлігі сәйкесінше толтырылмады, жалпы төленбеген төлемдер анықталды. 90-шы жылдардағы медициналық сақтандыру реформасының сәтсіздігі ескерілді. Бүгінгі күні жаңа модельде Қордың тұрақтылығын қамтамасыз етуде және теңгеру үшін макроэкономикалық құралдар, сондай-ақ қаржыны үлестіру мен жинау жүйесінің ашықтығы қарастырылған.
Қорға түсетін қаржылық түсімдер туралы айта келе министр қазіргі таңда Қазақстанда 8,5 миллион адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Ай сайын жұмыс берушілер 6,1 миллион адамның 10 пайыздық жарнасын төлейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын түсетін сома 53 миллиард теңге. Ал «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына» 23 миллиард теңге түседі. Сонымен қатар, тұрғындардың экономиканың «көлеңкеге кетуі» және адамдардың айлықты «конверт» түрінде алатыны туралы үрейлері қисынсыз екенін атап өтті. Қорға 9 миллион адамға қаржы республикалық бюджеттен бөлінетін болады. Оған қоса мемлекет қаржыландыру көлемін қысқартпайды.
Бәрімізге белгілі «бүгінгі таңда мемлекет барлық денсаулық сақтау жүйесіне 900 миллиард теңге қаржы бөлді. Және бұл сома қалатын болады»,- деп атады министр.
Ведомствоға тұрғындардан жиі түсетін сұрақтарға және келесідегідей «қазіргі өзіміздің лайықты жүйеміз бар тұста бізге кезекті реформа қаншалықты қажет? Өйткені, бүгінде Конституцияға сәйкес Қазақстанның әр азаматы тегін медициналық көмек алуға құқығы бар емес пе?». Осыған орай министрліктің түсіндірмесі бар.
– Әлемнің дамыған елдерінде денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі базасы міндетті медициналық сақтандыру болып табылады. Тұрғындардың сауалдарына жауап беретін, жоғары сапалы медициналық қызметті бар жақсы медицина – бұл медициналық сантандыру екенін түсінуіміз қажет, – деді Тамара Қасымқызы.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде денсаулық сақтау қажеттіліктеріне мемлекеттік қаржыландырудың қысқартылмайтынын тағы да атап өткім келеді. Мемлекет 17 миллион қазақстандықтарды вакциналау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың бүгінгі таңдағы бар көлемін сақтайды. Сақтандыру медицинасы жүзеге асырылған жағдайда мемлекет Медициналық сақтандыру қорына халықтың әлеуметтік тұрғыдағы осал тобының 10,1 млн азаматы үшін жарнаны төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.
Сонымен қатар, министр өз сөзінде 2017 жылға еліміздегі денсаулық сақтауды мемлекеттік қаржыландыру көлемі 915 миллиард теңге құраса, медициналық сақтандыру жарнасы есебінен қосымша есеппен 200 миллиард теңге алу жоспалануда екенін айтты. «Бұл қаражат науқастар қажет ететін сауықтыру, паллиативтік көмекті кеңейтуге, жергілікті медициналық клиникаларда жоғары мамандырылған қызметтерді дамытуға жұмсалады», – деп Дүйсенова түсіндірді.
– Медициналық сақтандыру Қоры іске асырылған соң қаржыландырудың басқа принциптері қолданылатын болады, – деді министр. – Қаражатты нақты диагностика мен жақсы емдеу көрсеткіштерін көрсеткен үздік мемлекеттік немесе жеке клиникалар алатын болады. Сондай-ақ үздіктер қатарында университеттік клиникалар да болуы мүмкін.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу барысында ведомствода денсаулық сақтау бойынша бірқатар мәселелерді қарастырғым келеді. Министр сөзі бойынша бірдей еңбек төлемақының болуы себебінен дәрігерлерде өзін-өзі жетілдіруге деген ынталары жоқ. «Қазақстанда құрылып жатқан Қордың емдеу белгілеуде және дәрілерді жазып берудегі дәлелдігі, емделіп шығу жағдайларының көлемі мен сапасы, емдеу қызметтерді жеткізуші жұмысының қорытынды нәтижелерінің мониторингі бойынша келісілген келісім-шарт негізінде экспертиза жүргізетін болады. Осы мәліметтер негізінде рейтингтер жасалады,» – деді Т.Дүйсенова.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің ҚазҰМУ ұжымымен кездесу барысында басты көңіл бүгінгі таңдағы медициналық кадр даярлау бойынша бөлінді. Министр келесідей мысал келтірді: «Мен Алматыдағы ғылыми медициналық орталықтардың бірінде болғанымда маған ота жасау бөлімін көрсетті. Қасында соңғы курс медик-студенттері бар бөлмесі орналасқан. Мен олардың ота жасау барысына неге қатыспайтынын сұрадым. Ғылыми орталық мамандарының айтып ескертуінше, соңғы курс студенттерінің ассистент міндетін атқаруға да қажетті білім мен дағдылары жоқ екен. Медициналық оқу орындар болашақ дәрігерлерді оқыту жүйесін қайта қарастыру керек. Өкінішке орай, медициналық университеттер мен емханалар сапаға емес санға көңіл бөледі. Студенттер көп болғанымен қажетті жағдай жасалмаған».
Министрдің айтуынша жалпы денсаулық сақтау жүйесі оқу орындары дайындайтын кадрларға байланысты. «Көптеген қаражат бөлуге, қымбат құрылғылар сатып алуға болады. Бірақ, сәйкесінше дайындалған кадрлық мүмкіндік болмаса – бұл жүйе жұмыс істемейтін болады», – деп Дүйсенова атап өтті.
Сонымен қатар, министр медицина нарығындағы қажеттіліктерді зерделеуді бастауға кеңес берді.«Қазіргі таңда жоғары оқу орындары негізінен елімізде жеткілікті болып отырған мамандарды даярлауда. Қажетті мамандар бойынша жұмыс жүргізілмей келеді», – деді министр.
Өз сөзін қорытындылай келе, Тамара Дүйсенова университет ұжымынан денсаулық сақтау жүйесін реформалау тұрғысынан қолдау көрсетуді сұрады. « Мен Сіздерден тек қана кадрлар даярлауда емес, жалпы жүйе бойынша жаңа идеялар мен ұсыныстарыңызды күтемін».
Ақпараттық анықтама:
2016 жылғы 1 наурыздан бастап 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы өз күшіне енді. Осы Заңға сәйкес, медициналық сақтандыруды енгізу 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын болады.
Заңға сәйкес, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынады: жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек.
Жалпыға бірдей денсаулық қорғау құқығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға дейін өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтылған тұрғындарға республикалық бюджеттің есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.
МӘМС аясында амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауру түрлерін есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік маңызды ауру түрлерін есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек көрсетілетін болады.
Сондай-ақ, жоғарыда аталғаннан қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасаған келісімшарт негізінде алатын болады.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуді бастайды.
Мемлекеттің жарналар мөлшері халықтың әлеуметтік әлсіз топтары қатарындағы азаматтар үшін айлық орташа еңбекақы мөлшерінің 7 пайызын (жарналар мөлшерлемесі 2017 жылы 4 пайыздан 2024 жылы 7 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды) құрайды. Жұмыс берушілер аударымдары кірістің 5 пайызын (2017 жылы 2 пайыздан 2020 жылы 5 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды) құрайды.
Жұмысшылар жарналарының мөлшерлемесі кірістің 2 пайызын құрайды, бұл ретте аударымдар 2019 жылдан бастап 1 пайыз, 2020 жылдан бастап – 2 пайыз болады.
Өзін-өзі қамтушы азаматтар жарналарының мөлшері (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустер, сот орындаушылары, адвокаттар және т.б.) кірістің 7 пайызын (жарналар мөлшері 2017 жылы 2 пайыздан бастап 2020 жылы 7 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды) құрайды.
Қорға жарна төлеуден халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жататын азаматтардың 15 санаты, оның ішінде балалар, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері, мүгедектер босатылады. Сондай-ақ жарна төлеуден әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілері босатылады.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі