ҚР ДСМ «Үздік оқытушы» және «Үздік ғалым» номинациялары бойынша байқаудың I кезеңі өткізіледі
Құрметті профессор-оқытушылар құрамының қызметкерлері!
Адами ресурстарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Өз кәсібінің үздігі» конкурсының «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы» және «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым» номинациялары бойынша 1 университеттік кезеңі өткізілетіні туралы хабарлайды.
1) 2025 жылғы 14-25 сәуір – конкурстың 1 кезеңіне қатысуға құжаттарды қабылдау;
2) 2025 жылғы 28 сәуір-08 мамыр – өңірлік конкурстық комиссияның жұмысы, бірінші кезеңнің жеңімпаздарын анықтау;
3) 2025 жылғы 12-16 мамыр – Денсаулық сақтау министрлігіне конкурстың республикалық деңгейіне қатысу үшін үміткерлердің құжатын жолдау;
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
1) №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Өз кәсібінің үздiгі» атағын беру конкурсына қатысуға арналған өтінім;
2) №2 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының портфолиосы;
3) № 3 қосымшаға сәйкес (Үздік медициналық ЖОО оқытушысы) және №4 қосымшаға сәйкес (Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер растайтын құжаттарен бірге.
Құжаттар Google Дискіде электронды форматта қабылданады. Google Дискіге құжаттар салуға рұқсат алу үшін персоналды дамыту басқармасының менеджері Досанова Ақтоты Қазбекқызына 3387080 телефон номері немесе 7022 ішкі номері арқылы хабарласу қажет.
Қосымшада:
- Осы хаттың №1-4 қосымшалары
- Конкурстың ережесі