«ҚР жастары діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты семинар-тренинг өтті
2018 жылдың 11 қазанында Университеттің «Concordia» театрында жастар арасында халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизм әрекеттерінің алдын-алу мақсатында Алматы қаласының Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында 2 курс білім алушыларымен «ҚР жастары діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты семинар-тренинг өткізілді (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес).
Аталған семинарға «Мониторингілеу және талдау орталығының» ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелері: философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы – Кантарбаева Жанна Орынбасарқызы және дінтану ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы – Абдуллаев Нуржан Кыдыралыұлы қатысты. Сонымен қатар семинар барысында «Дін және дәстүр» атты фильм көрсетілді.
Аталған іс-шараға 600 жуық адам қатысты. Іс-шара Жастар саясаты басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді.
Жастар саясаты басқармасы