ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу
2015 жылғы 05 ақпанда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Даңқ залында» Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен (дир. Л.С. Шыңғысбаев), Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті мен Алматы қ. әкімшілігі жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен және де ҚазҰМУ-дың «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің оқытушы-профессорлық құрамының қатысуымен, университетіміздің студенттері мен оқытушылары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру жұмыстарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті және «Нұр Отан» Партиясының Алматы қалалық филалы жанындағы Жас Отан жастар қанаты өкілдерімен кездесті.
Кездесу С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры А.А. Ақановтың алғы сөзімен бастау алды.
Алғы сөзден соң студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы танымды бейне-роликтер көрсетілімі болды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті бастығының орынбасары, Тәртіптік кеңестің төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы, «Нұр Отан» Партиясының Алматы қалалық филалы жанындағы Жас Отан жастар қанатының жетекшісі Халбеков Арман, ҚазҰМУ-дың «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің аға оқытушысы Байтекова Кантгуль Жумабековна баяндама жасады.
Баяндамаларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы», сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жастардың рөлі, жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке тигізер зияны туралы ерекше аталынды.
ҚазҰМУ ректорының Кеңесшісі,Этикалық Кеңестің төрағасы Мұстафина Жанар Ғабиденқызы өз сөзінде ҚазҰМУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсы екендігі және осыған орай сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтып өтті.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, м.ғ.д., профессор А.А.Ақанов қорытынды сөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаға» сәйкес университетте түрлі ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатқандығы, сонымен қатар әрдайым сессия кезінде арнайы құрылған топ «Таза сессия» акциясы бойынша жұмыс жасайтындығы жөнінде тоқталып өтті.
Іс-шара соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, кездесу қонақтарымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелерді талқылады.