ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен «Рухы мықты ұлтымның – ұлы арманы» іс-шарасы
28-ші қараша күні университетіміздің «Concordia» театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Стоматология факультеті ұйымдастырған мерекелік құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны Құрманғазының «Адай» күйімен стоматология факультетінің 6-шы курс студенті Көбеков Сағындық ашып берді. Кеш қонақтары: Қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандитаты, Асылы Әлиқызы Осман, Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жангелова Майра Белгібаевна, Алмалы ауданының «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ордабаева Найля Алтынбековна, Алматы қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрайымының орынбасары Өміртай Амалбек, патриот әнші Бурханов Әлішер, Жайдар Жеңісхан. С.Ж.Асфендияров университетінің профессоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Құлмамбетов Исатай Әзімұлы құттықтау сөзін сөйледі.
Қазақ Мемлекетттік қыздар педагогикалық университетінің би ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанның 25 жыл бұрынғы тарихы баяндалған студенттер дайындаған бейнехроникасы ұсынылды. Осман Асылы Әлиқызына сөз беріліп, ортаға шақырылды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке оңайлықпен жетпегендігін, тәуелсіздік жолында талай марқасқа ұландарымыздың қаза тапқандығын айтып, қазіргі «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманның» президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесі екендігін айтып, жастарға патриот болуға, елінсүйген азамат болып тәрбиеленуге, осынау бейбіт заманда толық білім алып, Қазақстанның атын бүкіл ғаламға паш етуге үгіттеді. Жастарға рух бере отырып, көк туымыз мәңгілік желбіресін деп тілек білдірді.
«Қазақстан даусы» жобасының қатысушысы, стоматология факультетінің түлегі Месов Олжас «Бақыт құшағында» әнін орындады. Келесі сөз кезегі берілген Майра Белгібайқызы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, президентіміздің жеткен жетістіктері туралы айтты. Қазіргі бәсекелестік заманда тек біліммен ғана жетістікке жетуге болатынын айтып, жастарды жігерлендірді. Келесі кезекте стоматология факультетінің 2 курс студенті Әнетова Жанелдің «Туған жер» әні орындалды. Факультетіміздің 5ші курс студенті Балқан Ақылбектің орындауында «Қазақтай ел қайда» әні ұсынылды.
Қорытынды сөзде Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы барша қонақтар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады және де барлық студенттерге еліміздің ұлтын сүйген жанашыр жастары болуға шақырды.