Университетімізде «Қыздар арасында» атты қыздар клубы құрылды
2017 жылғы 06 наурыз күні университетіміздің «Даңқ Залында» Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультетінің ұйымдастыруымен «Қыз – деген Ана » атты 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт және «Қыздар арасында» атты қыздар клубының ашылуы өтті.
Мерекелік концертке университет оқытушылары, қызметкерлері және студенттер қатысты. Өмірден өткен атақты апаларымыз жайлы шағын бейнематериал ұсынылды.
Мерекелік жиынның алғы құттықтау сөзі ректордың кеңесшісі Мустафина Жанар Ғабиденовна берілді. Жанар Ғабиденовна әйел азаматтарды мерекесімен құттықтай отыра, «Қыздар арасында» клубының тұсаукесер рәсімін жасады.
Факультетіміздің үздік тьюторы, көпбалалы ана Бегимбетова Гульшат Алтайқызы бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, жастарға өзіндік үлгі-өнеге көрсетіп, өзіндік тәжірибиесімен бөлісті.
Жастардың атынан сөз алған Х. Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультетінің Студенттік Үкіметінің төрағасы Оңғарова Дана қыз бала болудың ерекшелігін, әдемі болып жүрудің сырларымен бөлісті.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламада университет студенттері өз өнерлерімен бөлісті. Аналарымызға арналған әдемі әндер орындалып, студенттер өз шығармашылығынан өлең оқыды. Салтанатты жиын соңында барлығы естелік суретке түсті.
Мерекелік жиын жоғары деңгейде өтіп, жиын қатысушылары көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.