«Қыз өссе елдің көркі» байқауы
12.04.2022 жылы «Наурыз» мейрамын тойлау қарсаңында И.С.Жекенова атындағы ҚКЖА ауруханасының мәжіліс залында 3 курс ЖММ-1 және 5 курс ЖММ-2 студенттерінің арасында «Қыз өссе елдің көркі» байқауы өткізілді.
Ұйымдастырушылар: жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы (кафедра меңг., профессор Дуйсенова А.К.), Жалпы Медицина –1 мектебі, Жалпы Медицина – 2 мектебі.
Байқаудың мақсаты: Ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу. Байқаудың ерекшелігі-дәрігердің рухани мәдениетін, ұлттық бейнесі мен адамгершілігін көрсету.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
- «Мен сұлумын, ақылдымын, көріктімін!» (Қатысушылардың сәлемі)
2. «Саусағынан бал тамған» (қолдан жасалған бұйымдарды немесе ұлттық тағамдарды көрсету).
- «Өнерлі өрге жүзеді» (сайыс: би, ән, монолог оқу)
- «Ақылына көркі сай» (халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша сұрақтар мен жауаптар).
- «Қыздарға әсемдік жарасады» (Әр ұлттың киімдерін көрсету).
- Дені саудың – жаны сау. Менің болашақ мамандығым. (Неліктен біздің қатысушылар осындай ізгі және жауапты мамандықты таңдағанын және болашақ мамандығы туралы айтып береді).
Байқауға 3 курс Жалпы Медицина –1 мектебі және 5 курс Жалпы Медицина – 2 мектебі – 1 студенттері қатысты:
№ | Топ
|
Студенттің Т.А.Ә. | Оқытушылар |
1. | 3- курс «ЖМ» (006-1топ)
|
Майданбекова Мадина | Мынбаева А.Б. |
2. | 5- курс «ЖМ» (027-2топ)
|
Мейрамбек Жанерке | Конусова А.К. |
3. | 3- курс «ЖМ» (09-2 топ)
|
Айдарбекова Дина | Қайдарбек М.Қ. |
4. | 5- курс «ЖМ» (25-2 топ)
|
Мақаш Ақмарал | Қайдарбек М.Қ. |
5. | 3- курс «ЖМ» (07-2 топ)
|
Алмасбек Аяжан | Қайдарбек М.Қ. |
Байқау нәтижелерін құзыретті қазылар алқасы бақылау парақтарына негізделген баллдық жүйе арқылы бағалады.
Қазылар алқасының бірлескен шешімімен Бас жүлдені – Алмасбек Аяжан иеленді, 1 орынмен Майданбекова Мадина, 2-ші орын және «Парасатты ару» номинациясымен Айдарбекова Дина, 3-ші орын және «Өнерлі ару» номинациясымен Мақаш Ақмарал марапатталды, Мейрамбек Жанерке «Сымбатты ару» номинациясын жеңіп алды.
Қатысушы Алмасбек Аяжанның сәлемдесуі
Қазылар алқасы мүшелері
Қатысушылардың өнер көрсетулері
Қонақтардың өнер көрсетулері
Сайыскерлер
Әр ұлттың костюмдерін көрсету
Барлық қатысушылар дипломдар, естелік сыйлықтар және кәдесыйлармен марапатталды.
Сайыскерлерді марапаттау