ҚазҰМУ ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлының Жаңа 2022 жылмен құттықтауы
Қымбатты достар, құрметті әріптестер, студенттер!
2021 жылда аяқталуға таяу. Біздің Альма-Матер – Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 91 жылдығына қадам басқан жыл.
Адам мен ел өмірінің әр кезеңі жағымды да, қайғылы да оқиғалармен сабақтасқан. Бірақ біздің университет, оқытушылар мен студенттер үшін әр жыл тек жетістіктер мен жеңістерге толы! Біз санитарлық шектеулердің барлық ауыртпалықтарын сәтті еңсердік, елімізге вируспен күресуге көмектестік, біз халықты осы қорқынышты инфекциядан қорғауға бірінші болып ат салыстық. Еліміздің медициналық қызметкерлерінің, біздің ғалымдардың, еріктілердің және әрине, болашақ дәрігерлердің арқасында пандемияны жеңуге нық қадамдар жасалды. Мұның бәрі сіздердің орасан еңбектеріңіз. Барлық қазақстандықтар сізге алғысын білдіреді!
ҚазҰМУ биік шыңдарды бағындыра отырып, алдына орасан зор міндеттер қойып, заман ағымынан қалыспай келеді. Біз ең биік мақсаттарға ғана ұмтыламыз, біз үшін оны бағындыру уақыт мәселесі. Еліміздің жетекші медициналық ЖОО ретінде біздің басты міндетіміз – жаңа форматтағы жоғары білікті медициналық мамандарды даярлау. Нақ сіздер Қазақстанның денсаулық сақтау деңгейін дамытуға және көтеруге күш салуларыңыз қажет. Бүгінде ол үшін барлық жағдай жасалған. Естеріңізде болсын, сіздер таңдаған дәрігер жолы оңай емес, бірақ бүкіл ел үшін өте елеулі кәсіп.
Университеттің барлық медицина және профессор-оқытушылық құрамына зор алғысымды білдіремін. Қазіргі уақыттың барлық қиындықтарына қарамастан, сіздер өз ізгі мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңызды дәлелдедіңіздер! Дәрігер – бұл жай ғана мамандық емес, бұл нағыз кәсіп. Әлемде өмірінде бірде-бір рет дәрігердің алдына бармаған адам жоқ. Сіздердің еңбексүйгіштіктеріңіз, таңдаған жолдарыңыздағы табандылықтарыңыз, кәсіпқойлықтарыңыз бүкіл халықтың қауіпсіздігі, денсаулығы мен өмірінің кепілі іспетті.
Биылғы жыл жеңіл болған жоқ: карантиндік шектеулерден шаршау, жақындары мен туыстарын айрылу, мұның барлығы қазақстандықтардың менталдық денсаулығына әсер еткені сөзсіз. Біз университет күндері аясында әлемнің 10 елінің жетекші мамандарымен бірлесіп осы тақырыпта жан-жақты ұсыныстар, баяндамалар, дәрістер мен конференциялар өткіздік. Өкінішке орай, Covid-19 әлі күнге дейін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін өз әсерін тигізуде, инфекцияның жаңа штамдары пайда болуда, оған тек коронавирусқа қарсы вакцинация төтеп бере алады. Еліміз үшін аса маңызды осы міндеттерді еңсеруде індет пайда болған алғашқы күндердегідей ҚазҰМУ негізгі рөл атқармақ.
Барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақ ұлттық медицина университеті биылғы жылы өз жетістіктерінің тізімін көбейтті. Біз халықаралық рейтингтерде көшбасшы позицияларды растадық. Біздің ЖОО #601-650 позициясын алған QS университеттерінің әлемдік рейтингінің элиталық рейтингісін ерекше атап өткіміз келеді.
Өтіп бара жатқан жылы біз студенттердің практикалық оқуын жетілдіру, жаңа симуляциялық орталықтар ашу, оқу сыныптары мен мұражайларды қайта жаңарту жөніндегі ауқымды науқанды жалғастырдық. ҚазҰМУ еліміздегі ең ірі симуляциялық орталықты толығымен жаңартты. 2,5 мың шаршы метр аумақта медицинаның әртүрлі салалары бойынша симуляциялық сыныптар орналасқан: акушерлік және гинекология, хирургия, жедел жәрдем, дебрифинг, педиатрия. Барлық сыныптар 500 бірлік көлеміндегі ең жаңа және қымбат симуляциялық жабдықтармен жасақталған.
Биылғы жылы стоматология мектебінде симуляциялық орталық ашылды, репродуктолог-дәрігерлерді оқыту үшін симуляциялық жабдықтар сатып алынды. 2021 жылы озық жабдықтармен және Қазақстан үшін бірегей адам мәйіттерінің имитаторларымен жабдықталған жаңа анатомия залы ашылды. Студенттер үшін жаңа сүйек мұражайы жұмыс істей бастады.
2021 жылдың соңында ҚазҰМУ жаңа геномдық орталық – әр түрлі зерттеулер жүргізуге, соның ішінде дербестендірілген медицинаны енгізудің ауқымды ұлттық бағдарламасы шеңберінде зертханалық кешен ашылды.
Қымбатты достар, өтіп бара жатқан 2021 жыл Қазақстан үшін мерейлі жыл. Біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өттік. Осы кезеңде Қазақстан танымастай өзгерді, ел тыныс-тіршілігінің әрбір саласында, оның ішінде медицинада қарқынды даму болды. Жаңа жыл – жаңару кезеңі, әрқайсымызда нақты мақсаттарға айналатын, арманымыз өмір сүрсін, оған қол жеткізе отырып, біз өзіміз жақсы жаққа өзгереміз және айналамыздағы әлемді жақсы жаққа өзгертеміз.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, төзімділік, ең асыл тілектер мен мақсаттарға жетуде толағай табыс тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты достар!
Құрметпен, ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин