Қырғыз мемлекеттік медициналық институтының доцентінің №2 ЖТД кафедрасына баруы
2020 жылдың 18 ақпанында ШЖҚ МКК «№26 қалалық емханадағы» №2 ЖТД кафедрасының клиникалық базасына С.Даниярова атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының отбасылық медицина кафедрасының доценті Жұмағұлова Назгүл Назарбекқызы келді.
Қырғыз әріптесі қалалық емхананың, кафедраның жұмысымен, клиникалық базадағы интерндер мен резиденттердің жұмысымен танысты.
Кездесу барысында ҚММУ және ҚММЖИПК әріптестері «отбасылық медицина» мамандығы бойынша резиденттерге арналған бағдарламаларды дамыту, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларының бірлескен жобалары бойынша әріптестікті кеңейтуді қоса алғанда, түрлі бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.