Қытайдан келген мамандар алматылық дәрігерлерге онлайн-семинар өткізді
Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында өз тәжірибесімен бөліскен Қытай дәрігерлері бүгін Алматыда онлайн-семинар өткізді. Олар Covid-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдейтін медицина қызметкерлеріне сақтық шараларын баяндады. Қытайлық делегация арнайы бейнематериал әзірлеп, инфекцияны жұқтырмаудың амал-тәсілдерін көрсетіп берді, тіпті, медицина мамандарының ауруханадағы қай бөлімшеде қорғаныс киімдерін қалай дұрыс киілу қажеттігін жіті түсінідірді. Соңғы уақытта алматылық ақ халаттылар арасында коронавирус өршіп тұр. Қытай дәрігерлері бүгінгі семинарда вирусты уақытында анықтау, науқастарды емдеу тәсілдерін де қоса түсіндірді.
Толығырақ: https://qazaqstan.tv/news/125860/