Қытай таяқшаларының көмегімен пластикалық хирургтың дағдыларын қалай дамытуға болады, – атақты пластикалық хирург Леон Дерябин айтып берді
Санжар Асфендиров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде пластикалық хирургия саласының жетекші мамандары, Қазақстандағы алғашқы пластикалық хирургия, эстетикалық медицина және лазерлік косметология кафедрасының өкілдерінің студенттерімен мотивациялық кездесуі өтті. Дәрістер мен презентациялардан кейін ЖОО студенттері көкейлеріндегі сұрақтарды қойды. Қазақстанда осындай алғашқы кафедраның ашылуына бастамашы болған жетекші қазақстандық пластикалық хирург Леон Дерябин болашақ дәрігерлерге пластикалық хирургтың дағдыларын қалай дамыту қажеттігі туралы кеңестерімен бөлісті. Ол бірінші курсқа келген көптеген резиденттердің көбінесе практикалық тәжірибесі аз болатынын атап өтті. Леон Павловичтің айтуына қарағанда, алғашқы қажетті дағдыларды дамыту үшін қытай таяқшаларын қолдану қажет. Бұл қолдың ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі.
«Қазір үшінші курста оқитын резиденттер, олар ештеңе жасай алмайтын. Шеберлікті арттыратын негізгі дағдылардың бірі – қытай таяқшаларын қолдану және олармен күріш жеу. Міне осы, хирургиялық құралдармен жұмыс істеу үшін өте жақсы жаттығу болмақ. Содан кейін, егер сіздер спортзалға барсаңыздар, онда аз салмақты құралдарды қолданыңыздар және көздеріңізге абай болыңыздар. Шартты түрде, егер лазерлік түзету жасау мүмкін болса, онда лазерлік түзету жасаңыз. Көзілдірікпен жұмыс істеуге болады, бірақ сізде арнайы хирургиялық көзілдірік немесе линзалар болуы қажет. Сондықтан қытай таяқшалары, жаттығулар және көздің жақсы көруі», – деді Леон Дерябин.
Еліміздегі алғашқы және бірегей пластикалық хирургия, эстетикалық медицина және лазерлік косметология кафедрасының меңгерушісі өзінің алғашқы жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді.
«Ең есте қаларлық – бұл алғашқы кеудеге жасалған операция. Содан кейін, жынысты өзгерту аногенитальдық аймаққа ота жасау, сүт бездерінің кеңеюіне және гормоналды ынталандыруға мүмкіндік беретін ауқымды операция болды. Қызықты операция, бірақ өте ұзақ оңалтуды қажет етеді және жеке клиникада тұрғыда өте қиын, сондай-ақ науқастармен құжаттама мәселесі туындайды. Дегенмен халық арасында қажеттілік бар», – деп естеліктерімен бөлісті пластикалық хирург.
Сонымен қатар Леон Дерябин студенттерге білім алу барысында дәрігер басты назарында ұстауы қажет операциялардың 3 түрін таңдауға кеңес берді.
«Жалпы пластикалық хирург бұл өте ауқымды мамандық, сіздер барлығын жетік білулеріңіз қажет, бірақ назарыңыз негізгі 3 операцияда болған жөн. Мен біздің саланың мамандары ринопластикамен, маммопластикамен айналысқанда және кең ауқымды жоғары санатты маман болса таңданамын. Менің сүйікті операциям – бұл бетке эндоскопия. Науқасты жасарту барысында ол өте креативті, қан аз, бірақ оның хирургиялық стигмасы жоқ, яғни ота жасалған кесулер, тыртықтар мен іздер болмйды» – деп атап өтті Леон Дерябин.
ҚазҰМУ еліміздегі алғашқы пластикалық хирургия, эстетикалық медицина және лазерлік косметология кафедрасының оқу бөлімінің меңгерушісі Момынжан Надыров пластикалық хирургтың қателіктерін жасыру мүмкін еместігін, сондықтан бұл жұмыс үлкен кәсібилікті талап ететінін атап өтті.
«Пластикалық хирургияда сіз аздап психолог болуыңыз қажет, науқастың қалауын түсініп, үмітін ақтау маңызды. Егер хирург болсаңыз аппендицит немесе өт қабын кесіп тастайсыз, жабасыз болды. Пластикалық хирургияда сіздің жұмысыңызды бәрі көреді, бұл тігіс, егер ол өрескел тігіс болса, оны жасыру мүмкін емес. Бар қиындық осыда, өз жұмысыңызға, тіндерге өте мұқият қарау қажет», – деді Момынжан Надыров.