Құрметті медбикелер!
12 мамыр бүкіл әлемде медбикелер күні атап өтіледі. Бұл мереке тарихтағы алғашқы қайырымдылық мейірбикелер ұйымын құрған әйгілі ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде аталып өтіледі. 1853-1856 жылдарындағы Қырым соғысы кезінде ол күн сайын ондаған және жүздеген адамның өмірін сақтап қалды.
Бүгін Халықаралық медбикелер күні, ең ізгі мамандықтың барлық өкілдерін мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар мейірбикелердің жанқиярлық еңбегін ризашылықпен еске алып, қамқорлығы үшін алғыс айтады.
Сіздердің көпшілігіңіз үшін бұл мамандық қамқорлық пен ықыласты қажет ететін науқастарға қалтқысыз қызмет ету. Сіздердің ерен еңбектеріңіз науқастарды сауықтырудың маңызды құрамдастарының бөлігі. Еңбектеріңізді мойындаудың ең жоғары көрсеткіші – бұл сауығуға жәрдемдесіп аяғына тұрғызып, өзіне деген сенімділікті ұялатқан науқастарыңыздың қуанышты жүздері. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі – өмірді сақтап қалу. Бұл барлық күш-жігерді ақтайды.
Медбикелер – Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің ең көп және маңызды санаттарының бірі. Көптеген медбикелер үшін қамқорлық пен ықыласты қажет ететін науқастарға қызмет ету өмірлік кәсіпке айналған. Сіздер науқасты сырқатпен қарсы алып, құлан-таза айығып толыққанды өмірге оралуына жәрдемдесесіздер. Емдеу мекемелерінде науқастың ең жақын, сенімді адамы мейірбике болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанның медициналық ұйымдарында 188 мың, ауылдық жерлерде 54 мың, бастапқы буын деңгейінде – 65 мың орта медицина қызметкері қызмет етеді. Олар қазақстандықтарға егу жасауға, дәрі-дәрмек, азық-түлік әкелуге, күрделі оңалтуды жеңілдетуге және өзін жайлы сезінуге көмектеседі. Қазақ ұлттық медицина университетінде бұл мамандар Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде білім алады. Қазыр барлығы 272 болашақ маман дайындықтан өтуде. Биыл медицина қызметкерлерінің қатарын толықтыратын 180 жоғары білімді медбике оқуын тәмамдайды. ҚазҰМУ университеттік клиникаларында да медбикелер белсенді жұмыс істейді. Онда 155 медбике еңбек етеді. Мейірбикенің міндеті – адамның басты байлығы денсаулығын сақтауға көмектесу. Сондықтан да бұл мамандық әрдайым сұранысқа ие, халықтың алғысы мен құрметіне лайық болып қала береді.
Сіздер мейірімділік пен адамгершіліктің биік мұраттарына жанқиярлықпен қызмет етесіздер. Күн сайын қоғамымызда медицина қызметкерлерінің ерекше миссиясын түсініп, мойындау артып, өмірін медицинамен байланыстыратын дарынды жастардың қатары да көбеюде. Мемлекет тарапынан орта медициналық қызметкерлерге айрықша қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда еліміз осы мамандықтың беделін биіктетуге бет бұрып, білім алуларыңызға, еңбектеріңізге лайықты жалақы алуға жан-жақты жағдай жасауда.
ҚазҰМУ ұжымы атынан барлық медбикелерге алғысымды білдіргім келеді. Өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, науқастарға мейірімге толы көзқарастарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз үшін рахмет! Ерен еңбектеріңіз бен төзімділіктеріңізге алғысым шексіз!
Сіздердің мол білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз қоғамға осындай игі әрі маңызы зор қызметте жаңа белестерді бағындыруға көмектесетіндей күш-жігер мен ішкі үйлесімділікке сенім тілеймін.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медбикелер қауымы!
Құрметпен,
Марат Шоранов